Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Month: Сәуір 2019


  • Silkway Халықаралық университетімен ынтымақтастық туралы шарт

    Silkway Халықаралық университетімен ынтымақтастық туралы шарт

    2019 ж. сәуір айында «Silkway Халықаралық университеті» мекемесінің ректоры И.Е. Ефимова мен Институт директоры З.Е. Қабылдинов арасында ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Осы шарттың нысаны білім беру қызметін көрсету саласында тараптың бірінің білім алушысы екінші тараптың білім ұйымында өткен пәндерін, модульдерін өзара мойындау және Тараптардың қызметкерлері әріптес жоғары оқу  орнында жұмыс істеген кезеңде академиялық ұтқырлықты […]

  • АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

    2019 жылдың 6 мамыры күні сағат 11:00-де ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне арналған «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттар: Қазақстанның әскери құрылысындағы Ұлттық Құрамалардың рөлі және маңызы; Қазақстанныңи Жеңіске қосқан үлесі; Қазақтардың Еуропа елдеріндегі қарсыласу қозғалысына […]

  • «Қазақстанның шығыстанушы ғалымы – К.Ш. Хафизова» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді

    «Қазақстанның шығыстанушы ғалымы – К.Ш. Хафизова» атты Халықаралық дөңгелек үстел өткізілді

    2019 ж. 25 сәуірде «Ғылым ордасы» РМК институт т.ғ.д. Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың 80 жылдық мерейтойы аясында «Қазақстанның шығыстанушы ғалымы – К.Ш. Хафизова» атты Халықаралық дөңгелек үстелді өткізді. Конференцияның модераторы директордың ғылым жөніндегі орынбасары С.М. Борбасов болды. Дөңгелек үстелдеАлматы қаласындағы ҚХР-ның Бас консулы Чжен Вэй, Қазақ-неміс университетінің жанындағы ХжАЫИ-ның директоры, саясаттану ғылымдарының докторы Б.Қ. Султанов, ЮНЕСКО […]

  • Орынбор қ. (РФ) ғылыми іс-сапар

    Орынбор қ. (РФ) ғылыми іс-сапар

    2019 ж.10-23 сәуір аралығында Тарих және этнология институтының қызметкерлері. Ш. Уәлиханов – этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер, Г. У. Орынбаева және кіші ғылыми қызметкер М.Т. Моряковаға «Қазақтың көшпелі қауымы: контекст, құрылымы, функциясы (ХVІІІ – ХХ ғ. басы)» гранттық қаржыландыру бойынша жобаны жүзеге асыру аясында ғылыми іс – сапар ұйымдастырылды (ғылыми жетекшісі-Нұрсан Әлімбай). Ғылыми […]

  • Ғылым күніне арналған салтанатты жиналыс

    Ғылым күніне арналған салтанатты жиналыс

    2019 ж. 12 сәуірде «Ғылым ордасы» РМК ғылыми қызметкерлер күніне және көрнекті ғалым-геолог, ҚазақССР Ғылым академиясының тұңғыш президенті, академик Қ.И. Сәтбаевтың 120-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті. Салтанатты мәжіліске Қазақстанның академиктері мен танымал ғалымдары, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың басшылары, жас ғалымдар, қоғам қайраткерлері, және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Іс-шараның модераторы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Президенті М.Ж. Жұрынов […]

  • «Қ.И.Сәтбаев: ҚҒА тұңғыш президенті, ғылымды ұйымдастырушы, кемеңгер ғалым және қоғам қайраткері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

    «Қ.И.Сәтбаев: ҚҒА тұңғыш президенті, ғылымды ұйымдастырушы, кемеңгер ғалым және қоғам қайраткері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

    2019 жылдың 4 сәуірінде Ғылым ордасының Концерттік залында кемеңгер ғалым, ҚҒА Тұңғыш президенті, еліміздегі ғылымды ұйымдастырушы, Мемлекет және қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орайластырылған «Қ.И. Сәтбаев: ҚҒА тұңғыш президенті, ғылымды ұйымдастырушы, кемеңгер ғалым және қоғам қайраткері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушылары Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, академик […]