Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Жас тарихшы ғалымдардың VІІ Халықаралық конференциясының ақпараттық хаты


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесі 2019 жылы 28 қарашасында Алматы қаласында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫ ЕСІМДЕРІ: ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ МӘТІНІНДЕГІ ПРАКТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ» атты жас тарихшы ғалымдардың VІІ Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

Конференцияның негізгі бағыттары:

 – Рухани жаңғыру: тарих ғылымы және жас зерттеушілер;

– Ұлы Дала тарихы мен мәдениеті;

– Ермұхан Бекмахановтың ғылыми мұрасы;

– Алаш қозғалысы: тарихы мен тағылымы;

– Қазақстандағы үлкен террор: сталиндік қуғын-сүргін тарихы және ұлт зиялыларының тағдыры;

– Отан тарихы мәселелері;

– Жалпы тарих мәселелері;

– Деректану және тарихнама мәселелері;

– Археология және этнология мәселелері.

 Конференцияға қатысу үшін Ұйымдастыру комитеті адресіне жіберу керек:

1. Ұсынылған форма бойынша өтініш;

2. Мақала мәтіні 10 бетке дейінгі көлемде 1 интервалмен электронды түрде. Шетелдік қатысушылар үшін электрондық хат арқылы бекітілген файлмен жіберуге болады (хат тақырыбында көрсету керек: АВТОРДЫҢ АТЫ-ЖӨНІ – МАҚАЛА АТАУЫ).

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

МАҚАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ  –  2019 жылды 10 қарашасына дейін

Конференцияның өтетін уақыты: 2019 ж. 28 қараша, сағ. 11.00

Конференцияның өтетін орны: «Ғылым ордасы» РМК, Орталық ғылыми кітапхананың конференц-залы

Байланыс деректері:

Байланыс телефоны: 8 (727) 272-44-79

Факс: 8(727) 261-67-19

Эл.пошта: tazshaboy@mail.ru, malika-94kz@mail.ru

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Көлемдері 10 бетке дейін, MS WORD редакторында *.doc, *.rtf. нұсқасындағы мақалалар қабылданады. Файлдың аты алғашқы автордың аты-жөнімен сәйкес келуі керек.

Мәтін шрифті «TimesNewRoman» 14.

Шектері: жоғарғы – 2, төменгі – 2, сол жағы – 3, оң жағы – 1,5 см. Аралық интервал – бір, азат жол – 1.

Интервал арқылы ортада қарамен белгіленген жазба әріптермен – мақала атауы, оң жақта – ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, автордың аты-жөні, және ұйымның аты жақша ішінде – қала, мемлекет. Кестенің терілуі үшін MS WORD редакторы қолданылады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақала соңында беріледі (нөмірлеу нүктесіз).

Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар қатыса алады.

Конференцияның материалдарын жарыққа шығаруға жауапты редакциялық алқа жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін мақалаларды қабылдамайтынын алдын ала ескертеді.

Қатысушылар үшін конференцияға дейін жинақты баспа түрінде және эл.нұсқада (PDF) тегін басып шығару жоспарланған. Сонымен қатар, конференцияның қатысушыларына сертикаттар беріледі.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ 

Тегі, аты-жөні (толық)
Жұмыс немесе оқу орны (егер студент, магистрант немесе докторант болса, онда міндетті түрде оқу орнының атауы, факультеті және курсы көрсетілуі керек)
Ғылыми атағы мен дәрежесі
Байланыс телефоны және мекен-жайы
E-mail
Бағыты
Баяндама тақырыбы