Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің проректорымен кездесу


Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары т.ғ.к., доцент Ә.Қ., Шашаев пен ЖҒҚ., т.ғ.к., асс. профессор А.С. Уалтаева Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Батрышев Дидар Ғалымұлымен «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасын «аналитикалық зерттеу, өзектендіру және ақпараттық қолдау» мемлекеттік тапсырмасы бойынша ғылыми іс-сапар аясында кездесті.

Кездесу барысында Университет пен институттың ғылыми ынтымақтастығы мәселелері мен келешегі талқыланды. Екі мекеме арасындағы ғылыми-зияткерлік ынтымақтастық туралы Меморандум аясында студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу тәжірибесін Институттың бөлімдері базасында жүргізуге келісіп, әсіресе ежелгі, ортағасырлық кезең мен жаңа кезеңге баса назар аудару керектігі жөнінде сөз қозғалды. Атырау облысының тарихы бойынша тарихи энциклопедияны дайындау, Гранттық қаржыландыру байқауларына бірлесе қатысу, Университеттің 70 жылдық тарихы мен Институттың 75 жылдық тарихын өткізу өзекті тақырыпқа айналды. Магистранттарды даярлау және «Тарих» мамандығы бойынша PhD докторларын даярлауға бірлескен лицензия алуға бастама жасау бойынша кейбір келісімдерге қол жеткізілді.