«Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII – первая треть XIX вв.» (составители: Хафизова К.Ш., Моисеев В.А.) атты архивтік құжаттар жинағының тұсаукесері

2020 ж. 23 қазанда Институт ҚР Орталық мемлекеттік архивімен бірлесіп «Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII – первая треть XIX вв.» (составители: Хафизова К.Ш., Моисеев В.А.) архивтік құжаттар жинағының тұсаукесерін өткізді. Тұсаукесерге Ресей, Қытай, Жапония, Қырғыстан және т.б. ғалымдары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Іс – шараны модератор – институт директоры, профессор З.Е. Қабылдинов ашып, жинақ Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің (ҚХҚЖК) және Ерлан Кариннің жеке қолдауымен қайта басылып шыққанын, Ұлы Даладағы оқиғаларды қалпына келтіру үшін XVIII ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін қазақ иеленушілерінің Цин Қытаймен өзара қарым-қатынасы тарихы бойынша сирек кездесетін құжаттар жинағының мәнін айқындады. ҚР Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері Елена Джунусова тарих ғылымдарының докторы, профессор, синолог, ҚазҰЖҒА академигі К.Ш. Хафизованың жеке қорына арналған мұрағат көрмесін ұсынды. Жауапты құрастырушы және аудармашы Клара Хафизова әйгілі кеңестік және ресейлік тарихшы, шығыстанушы Владимир Моисеевпен бірге цин-қазақ қатынастары туралы жинақ жасаудың ерекшеліктері туралы айтып, орыс шығыстануының даму мәселелерін атап өтті, сонымен қатар жинақты шығаруға қатысқан әріптестеріне алғысын білдірді. Жинақ құрастырушыларының әріптестері мен шәкірттері – Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ж. Әбдіров, PhD, Токио шет тілдер университеті Азия және Африка тілдері мен мәдениеттері ғылыми зерттеу институтының қауымд.профессоры Нода Джин, Орталық Азия дипломатиялық қоғамының төрағасы Серік Нарысов, «Астана» Халықаралық ғылыми кешенінің Қытай және Азия зерттеулер орталығының жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор С.Кожирова құттықтауларын айтты. Жылы лебіздерімен Р.Б. Сүлейменов ат. Шығыстану институтының қызметкерлері – тарих ғылымдарының докторы, доцент Ш.Ж. Тохтабаева және философия ғылымдарының докторы, профессор Еркін Байдаров сөйледі. Сонымен қатар, жинақтың тұсаукесерімен тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынов ат. ҚАУ профессоры Аманжол Күзембайұлы, тарих ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры Гүлнар Мұқанова, тарих ғылымдарының кандидаты, М. Қозыбаев СҚУ доценті Людмила Гривенная және т.б. құттықтады.