08.12.2020 жылы сағат 11.00 Нұр-Сұлтан қаласы ҚР Ұлттық архивінде рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Қазақстан халқы интерактивті ғылыми тарихи картасының таныстырылымы өтеді. Іс-шараға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Ұлттық архивінің директоры С. Нұрланова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директоры Отарбаев М. және аталмыш мекемелердің қызметкерлері қатысады.