Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры т.ғ.д., проф Х.М. Әбжанов, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары т.ғ.к., доц Р.А. Бекназаров, сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары т.ғ.к., доцент Қ.М. Ерімбетова және ғалым хатшы Ы.Қ. Омарбаев, Түркіменстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі М. К. Акмырадовпен кездесу өткізді. М. К. Акмырадов мырза Түркіменстан тарих ғылымының ахуалы мен оның жүру бағыттары, Түркіменстан Республикасында да тәуелсіздіктің 20-жылдығын мерекелеу шаралары жүріп жатқандығын, оған тарихшылар қауымының үлестері турасында мәліметтер беріп өтті. Институт директоры Х. Әбжанов ғылым кеңістігіндегі қарым-қатынастарға зор мән беретіндігін және оның түркімен тарихшы әріптестерімен ойдағыдай жүзеге асатындығана сенім білдірді. Отандық және халықаралық мәселелер бойынша ғылыми-тәжірбиелік конференциялар, семинарлар өткізу туралы уағдаласуларға келісім білдірілді