Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 17-23.12.2012


20.12.12. Ежелгі және ортағасыр және іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі БҒК, т.ғ.к. Қ.З. Өскенбай қазақ және орыс тілдерінде И.В. Ерофеевтің редакциялауымен басылып шыққан «Алтайдан Каспийге дейінгі» Қазақстан тарихы, мәдениеті және географиясына байланысты «Меломан» GRAND дүкенінде болып өткен үштомдық атластың тұсаукесеріне қатысты.

21.12.12. Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Шығыс елдері Халықаралық архитектуралық Академиясының (ІААЕС) корреспондент мүшесі С.Е. Әжіғалидың 60 жылдық мерейтойына орай Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы болып өтті. Ғылыми кеңеске Институт қызметкерлері, басқа да ғылыми зерттеу иснтитуттарының ғалымдары және түрлі ЖОО-ның танымал ғалымдары қатысты.

21.12.12. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Е.Ж. Оразбек Астана қаласында болып өткен Қазақстанның жоғары деңгейдегі қолөнер шеберлерінің дәстүрлі Көрмесіне сарапшы ретінде қатысып қайтты.

21-27.12.12. «Central Asia Monitor» газетінің №(419) санына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұмановтың Қазақстандағы 1930 жылдардағы ашаршылық мәселесі жайында ой қозғаған сұхбаты жарияланды.

23.12.12. Директордың ұйымдастырушылық және коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары С.О. Смагулова «Мәдениет» телеарнасындағы «Өркениет» атты ток-шоуға қатысты.