Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Далалық қоғамдардағы саяси көшбасшылар: теория және тарихнамалық шолу» атты ғылыми-методологиялық семинар


2021 жылы 30 наурызда Институт қызметкерлері «Далалық қоғамдардағы саяси көшбасшылар: теория және тарихнамалық шолу» атты ғылыми-методологиялық семинар өткізді. Бұл семинар «XVIII ғасыр  – XIX ғасырдың I жартысындағы Кіші жүз саяси көшбасшыларының саяси келбеті отандық және дүниежүзілік тарихнамада» жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Іс-шараның модераторы Институттың жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Е.М.Ужкенов болды.

Семинар міндеттерінің бірі – жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмыстың әдіснамалық негіздерін меңгеру.

Сындарлы сұхбат пен пікір алмасу үшін К.Ш. Хафизова (т.ғ.д., ҚазҰЖҒА академигі), М.Х. Әбусеитова (т.ғ.д., ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, проф.), Ә.Қ. Мұқтар (т.ғ.д., проф.), Г.Б. Ізбасарова (т.ғ.д., қауымд. проф.), Ұ.Т. Ахметова (т.ғ.д., қауымд. проф.), Е.И. Медеубаев (т.ғ.к., доцент), Г.К. Қайыргалиева (т.ғ.к.) сияқты белгілі ғалымдар шақырылды.

Біздің жағдайда, далалық қоғамдардағы саяси көшбасшылардың рөлі туралы айтқанда, біз Кіші жүздің дала элитасының жекелеген өкілдерін атап өтуге бейімбіз. Жобаны орындаушылар мен өткізілген іс-шараның басқа да қатысушылары үшін осы ғылыми-әдіснамалық семинардың нәтижелері Батыс Қазақстан өңірінде өткен тарихи процестердің жалпы барысын жақсы түсінуге мүмкіндік берді және көп жағдайда мәдени, сонымен қатар әлеуметтік-саяси сипаттағы болашақтағы елеулі сілкіністердің контурын айқындады. Сонымен қатар, далалық қоғамдардың тарихи тұлғаларының бұрын-соңды көпшілікке мәлім емес өмірбаянын терең зерттеу болашақта олардың өмірінен алынған маңызды эпизодтарды немесе бөлшектерді қалпына келтіруге көмектеседі, бұл жаңа заман кезеңінде қазақ қоғамының тарихи панорамасын жақсы түсінуге мүмкіндік береді.