Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Душанбе қаласына (Тәжікстан) ғылыми іссапар


2021 ж. 4-26 наурыз аралығында «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Орта Азия республикалары аумағындағы қазақтар арасындағы саяси қуғын-сүргін (жаңа мұрағат көздері аясында)» жобасы бойынша, Тәжікстандағы қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтарды анықтау бойынша зерттеулерді іске асыру барысында Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. М.Ш. Қалыбекова Тәжікстан Республикасының мемлекеттік архивтерінде жұмыс істеу үшін Душанбе қаласына (Тәжікстан) ғылыми іссапарға жіберілді.

Бүгінгі таңда Тәжікстан аумағында репрессияға ұшыраған қазақтардың 46 аты-жөні табылды, олардың арасында 34 адам анықталды, оның ішінде Тәжікстанға айдалып, жазасын Қорған-Төбе түрмесінде өтеген бір адам амнистияға ұшырады, репрессияға ұшыраған қазақтардың 9 жеке ісі Тәжікстан аумағында, оның ішінде Н.Төреқұловтың інісі Төреқұлов Кадырдың жеке ісі, «халық жаулары – контрреволюциялық буржуазиялық ұлтшылдармен: ағасы Төреқұловпен және оның туысымен Ісләмов Ақбармен байланыста болды, және тәжірибелік жұмыстағы диверсия және аппаратты жат элементтермен жауып тастағаны үшін» айыпталған деген Тәжікстан Республикасы Қазіргі заман тарихының мемлекеттік архивінің қорында апелляциялық істер бар. Сонымен қатар, 2 респонденттен (қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтардың балалары) Хатлоннан Руста Хаймуратова мен Хожамкул Нурматовтан (Төбе-Қорған қ.) сұхбат алынды.

Жұмыс барысында С. Айни атындағы Тәжікстан мемлекеттік педагогикалық университетімен, Татарстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивімен, және Душанбе қ. «Бәйтерек» ҚҰ Қазақ орталығымен меморандумға қол қойылды.