2021 ж. 6 мамырда Институтта Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Төлтай Балақаев атындағы кабинет ашылды. Төлтай Балақаев саналы ғұмырында Тарих және этнология институтының отандық тарих ғылымының жетекші орталығына айналуына көп еңбек сіңірді. Бұған дейін Институтта Ермұхан Бекмахановтың, Ақай Нүсіпбековтың, Кеңес Нұрпейісұлының, Мәлік-Айдар Асылбековтың, Зардыхан Қинаятұлының мемориалдық кабинеттері ашылған. Іс-шара барысында ғалымның отбасы мүшелері Институттың жас ғалымдары Р.Д. Көбеев пен мен А.Д. Күнікеевке Т. Балақаев атындағы шәкіртақыны табыстады.