Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Тәуелсіздік және тарихи сананың қалыптасуы» атты конференция өткізілді


2021 ж. 22 сәуірде Институт және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультеті, «Ақ жол» ҚДП Алматы қаласы филиалымен бірігіп «Тәуелсіздік және тарихи сананың қалыптасуы» атты онлайн форматта конференция ұйымдастырып өткізді.

Конференция жұмысының барысында ҚР Тарихи сананың қалыптастыру концепциясы және бүгінгі жастарға тарихи білім мен тарихи сананы қалыптастыру төңірегіндегі мәселелер талқыланды. Конференция жұмысы қазақ және орыс тілдерінде өтті. Конференция жұмысына «Ақ жол» ҚДП өкілдері, ғылым, өнер және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Құрметпен, ұйымдастыру алқасы!