Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 08-14.10.2012 ж.


08-10.10.12. Институт директоры Х.М. Әбжанов Ланьчжоу қаласындағы Ланьчжоу университетінде дәріс оқыды.

10-12.10.12. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Н.Н. Құрманалина Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және Ақмола облысының жоғары білімінің 50-жылдық мерейтойына «Университет, қоғам, инновациялық даму тәжірибесі және болашағы» тақырыбында өткізілген Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
11-12.10.12. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Пекин қаласында қоғамдық ғылымдар Академиясында дәріс оқыды.
12.10.12. Институт қызметкерлері – БҒК, т.ғ.д. З.Қинаятұлы, БҒК, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали, БҒК, т.ғ.д. А.У.Тоқтабай, БҒК, т.ғ.д. Р.А.Бекназаров, БҒК, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова, т.ғ.к., АҒК К.К. Нұрымбетова, АҒК, т.ғ.к. Г.У. Орынбаева, КҒК Н.Н. Құрманалина, КҒК Н.М. Нұрлыхан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына 20 жыл толуына орай өткізілген «Этникалық қазақтардың репатрациясы Қазақстан мемлекеті көші-қон саясатының құрамдас бөлігі ретінде: жетістіктері, мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
12.10.12. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к. З.М. Төленова «Жастар үні» атты Жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жаңа ғасырдағы жаңа Қазақстанның тууы: тарихи фактілердің негізінде» атты ғылыми-қоғамдық конференциясына қатысып, «Қоғам және жастар: ұлттық рухтың бүгінгі көрінісі» тақырыбында баяндама жасады.
12.10.12. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан және іргелеселдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. А.К. Шашаев «Мектеп оқулықтары» тақырыбында сұхбат берді.
13.10.12. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали «Айқын» газетіне «Әбілхайыр ханға кесене салынады» атты мақала жариялады.