Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 24-30.09.2012 ж.


24.09.12. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов пен т.ғ.д. С.А. Жәкішева Мәскеу қаласында 2012 ж. қыркүйек айының 21-23 күндері аралығында өткен «Тарих және компьютер» аймақаралық Ассоциациясы «Тарихи зерттеулердегі инновациялық тұрғылар: ақпараттық технологиялар, үлгілері және әдістері» атты ІІІ Халықаралық конференцияға қатысып, баяндама жасады. Конференцияға Германия, Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай, Белорусия, Украина, Қазақстан және Қырғызстан ғалымдары қатысты.

26.09.12. Ғылыми кеңестің отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер: 1) Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан ғалымдары І Форумында айтылған сөздері; 2) А. Сүлейменованың «Аспандияр Ксенжин: ғасырлар тоғысындағы тағдыр» (1887-1938); 3) Қыркүйек айындағы еңбек тәртібі жөніндегі комиссияның есебі; 4) Түрлі.
27.09.12. «Қазақстан тарихы және антитарихы: күнделікті білімге сыни талдау» («История и антиистория Казахстана: критический анализ псевдонаучного знания») (Баяндамашы – т.ғ.д., профессор Ж.Б. Әбілхожин).
28.09.12. Институт директоры Х.М. Әбжанов Астана қаласында өткен ономастикалық комиссия отырысына қатысты.
28.09.12. «Айқын» газетіне С.О. Смағұлованың «Тарих пәніне қатысты түйткіл» тақырыбында мақаласы жарияланды.