Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Орынбор (Ресей Федерациясы) қаласына іс сапары туралы


БҒҚ, т.ғ.д., профессор Оразгүл Хасенқызы Мұхатованың «ХХ ғасырдың 20-30-жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім беру мен ағарту жүйесі» тақырыбындағы ғылыми жоба бойынша және БҒҚ, т.ғ.д., профессор Закиш Төлеханқызы Садвокасованың «Қазақстандағы мұсылмандық және православиелік миссонерлердің қызметі (ХІХ-ХХ ғ.ғ.)» 2021 жылдың 10-23 маусым аралығындағы Орынбор (Ресей Федерациясы) қаласына іс сапары туралы

Іс сапар барысында БҒҚ, т.ғ.д., профессор Оразгүл Хасенқызы Мұхатова ХХ ғасырдың 20-30-жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім беру мен ағарту жүйесі тарихы және Закиш Төлеханқызы Садвокасова Қазақстандағы мұсылмандық православиелік миссионерлердің қызметі бойынша құжаттық материалдарды Орынбор облыстық мемлекеттік, Орынбор облыстық әлеуметтік-саяси тарихы архивтері және Н. Крупская атындағы Орынбор облыстық ғылыми, Х.Ямашев атындағы кітапханаларында анықтап,   цифрландырды. Ғалымдар тақырыптардың тарихнамасына қажетті еңбектерді зерттеді.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орынбордағы өкілеттілігінің төрайымы Сәуле Совхозқызы Таикешевамен кездесу өткізілді. Өкілеттілікке «Астана тарихы» атты кітап сыйға тартылды.

«Керуен-Сарай» қоғамының төрайымы Гүлім Жанғабыловамен кездесу өткізілді. Қоғамға Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты атынан «Ұлттық бірегейлікті сақтау және нығайту ауқымындағы Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар» атты ұжымдық монография  сыйға берілді. «Керуен-Сарай» қоғамы және Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Орынбор облыстық мемлекеттік және Орынбор әлеуметтік-саяси тарих авхивтерінің басшыларымен кездесу өткізіліп,  Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты ұжымының атынан институт қызметкерлері дайындаған архив құжаттарының жинақтары табыс етілді.

Х. Ямашев атындағы кітапханада директормен және бір топ кітапханашылармен кездесу өткізілді.  Кітапхана ұжымына институт атынан ұжымдық монография сыйға берілді. Бұл кітапханада профессорлар тақырыптардың зерттелу деңгейіне қатысты еңбектерді зерделеді.

21 маусым күні Орынбордағы «Қазақ тілі» қоғамының өкілеттілігінің ұйымдастырумен өткізілген дәстүрлі білім беру дәрістері шеңберінде О.Х. Мұхатова «ХХ ғасырдың 20-30-жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім беру мен ағарту жүйесі», ал З.Т. Садвокасова «Қазақстандағы қазақ және орыс халықтары арасындағы рухани ықпалдастық (ХІХ-начале ХХ веков)» тақырыптарында дәрістер оқыды.

22 маусым күні профессорлар Қазақстан Республикасы «Ақ жол» демократиялық партиясының тапсымасы аясында ұлттық дәстүрді және тарихты жаңғыртуға қосқан қоғамдық, ғылыми   үлестері үшін Төлеген Таикешевке, Гүлима Жанғабыловаға, Дина Аманжоловаға және т.б. төсбелгілер тапсырды.