Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 17-23.09.2012 ж. аралығында


17.09.12. Институттың еңбек тәртібі жөніндегі комиссиясы тексеру жұмыстарын жалғастыруда.

19.09.12. Директордың ұйымдастырушылық және коммерциялық істер жөніндегі орынбасары С.О.Смағұлова «Ғылым ордасының» ұйымдастыруымен өткізілген «Мемлекеттік тіл – қазақстандықтарды біріктіретін маңызды фактор» тақырыбындығы дөңгелек үстелге қатысты.
19.09.12. Ежелгі және ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒК т.ғ.д. З.Қинаятұлының «Айқын» (№75) газетіне «Әмір Темір қазақ насихаттайтын тұлға ма?» тақырыбында мақаласы жарияланды.
20.09.12. Институт директоры Х.М. Әбжанов Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ өткізілген «Ахмет Байтұрсынұлы: қайраткер аманаты және ұлт мұраты» атты ғылыми-теориялық конференцияда баяндама жасады.
21-22.09.12. Институт қызметкерлері т.ғ.д. С.О. Смағұлова, т.ғ.к. Г.Ж. Өскембаева, т.ғ.к. З.М. Төленова мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 100-жылдық мерейтойына орай, Алматы облысы Балқаш ауданы Бақанас ауылында өткен ғылыми конференцияға қатысып, баяндама жасады.
21.09.12. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали және т.ғ.д. Р.А. Бекназаров Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы және оның ұйымдастырушылық комитетімен кездесіп, онда 1992 жылы ҚР Президентінің бастамасымен құрылған қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының 20-жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Тәуелсіз Қазақстан және шетелдегі қазақтар» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру мәселесін қарастырылды.
22.09.12. Этнология және антропология бөлімінің қызметкерлері Ақтөбе облысы Қобда және Ойыл аудандарындағы тарихи және мәдени ескерткіштерді кешенді зерттеу жұмыстары бойынша экспедицияға кетті. Экспедиция 2012 жылдың 11 қазанына дейін жалғасады.