Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты 10.09. – 16.09.2012 ж. аралығында


10.09.12. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали 3-31 тамыз аралығында Қытайда өткен ғылыми нәтижелерге толы этнографиялық экспедициясының қорытындысы бойынша (сұхбаттасу, бейнесюжеттер көрсету)  таңғы «Таңшолпан» бағдарламасына қатысты.

10.09.12. Еңбек тәртібін қадағалау жөніндегі Институттың ішкі комиссиясы өз жұмысын бастады.
12.09.12. Институт директоры т.ғ.д., профессор Х.М.Әбжанов Орталық Азия зерттеу институты директоры, Ланьчжоу университетінің профессоры Янь Шу мырзамен кездесу өткізді. Кездесу барысында Институттың ғылыми еңбектерін қытай тіліне аудару жөнінде келіссөздер жүргізілді.
12.09.12. «Колонизация Казахстана и хан Кене: история и антиистория» атты дөңгелек үстел өткізіліп, отырыс барысында биылғы жылы «Мысль» журналына жарық көрген Б.Әуелбековтың «О колонизации Казахстана и востании Кенесары Касымова»  мақаласына талдау жасалынды. Дөңгелек үстелге Институт директоры т.ғ.д., профессор Х.М.Әбжанов,  «Мысль» журналының редакторы С.Құттықадам, мақала авторы Б.Әуелбеков, академик М.Асылбеков, т.ғ.д., профессор Т.Омарбеков, т.ғ.д., профессор С.Ж. Әбдіров, т.ғ.д., профессор З.Т. Садуақасова, доцент С.С. Сайфулмәлікова, ҚР ОҒМ бөлім меңгерушісі М.Г. Жылысбаева, т.ғ.д., профессор С.Ф.Мәжитов және т.б. ғалымдар қатысып, Кенесары ханға қатысты ойларымен бөлісті.
12.09.12. Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Еларна» телеканалына «Мүмкін емес» бағдарламасына «Бойдақтар мен кәрі қыздар» тақырыбында ой қозғап, этнографиялық ұсыныстарын айтты.
13.09.12. Институт директоры Х.М. Әбжанов Астана қаласында өткен ТЮРКСОЙ мүше елдерінің ЮНЕСКО істері бойынша Ұлттық комиссиялары және комитеттерінің Үшінші мәжілісіне қатысты.
13.09.12. Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, БҒК т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Хабар» телеарнасы арқылы «Атамекен» бағдарламасына сарапшы ретінде қатысты.
13.09.12. «Годы голода. Сельское хозяйство СССР, 1931-1933» (2011 ж.) кітабының авторы, сонымен қатар Кеңес үкіметі тұсындағы 1920-1930 жж. аудандардағы ашаршылық мәселелерін зерттеумен айналысқан белгілі австралиялық ғалым, Мельбурн университетінің профессоры Стивен Уиткрофт қатысуымен Институтта «Голод в Казахстане в первой половине ХХ века» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Пікір-таласқа осы мәселе төңірегінде зерттеу жұмыстарын арнаған Институт ғалымдары, академик М.-А.Х. Асылбеков, т.ғ.к., доцент К.С. Алдажұманов, т.ғ.д. С.О. Смағұлова, т.ғ.к., доцент С.К. Рүстемов және тағы басқа ғалымар қатысты. Дөңгелек үстел барысында ашаршылық мәселелері, оның себептері, Қазақстан аумағында аштықтың орын алу ерекшеліктері және салдарлары мәселелері талқыланды. Кездесудің қорытынды сәтінде С.Уиткрофт және Институт мамандары арасында ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі ашаршылық мәселелерін серіктестікте зерттеу жөнінде екіжақты ауызша келісімшарт жасалды.
14.09.12. Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Қазақстан» телеканалындағы «Айтуға оңай» бағдарламасының «Білдірмей келіп қалдың кәрілік» ток-шоуында сөз сөйледі.