Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институт директоры Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына қосылды


2021 жылдың 24 маусымында Институт директоры т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Қабылдинов Зиябек Ермұханұлы Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Қ.К.Тоқаевтың шешімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамына қосылды. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев құттықтай отырып, осы жауапты мемлекеттік қызметтегі жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар,  Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде жемісті жұмыс атқаратынына сенімділігін көрсетті.

Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ұжымы Зиябек Ермұханұлын шын жүректен құттықтай отырып, ғылыми және кәсіби қызметтегі шығармашылық идеялардың жүзеге асырылуын, ең батыл жобаларды жүзеге асыруда сәттілік, үлкен мақсаттарға жету жолында шешімділік, оптимизм мен амандық тілейді.