Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты 27.08. – 01.09.2012 жж. аралығында


27.08.12. 27 тамызда  Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Жас ғалымдар кеңесінің мүшелері елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын зор ықыласпен қабылдап,  осы орайда 27 тамызда институттың барлық жас ғалымдарының бас қосқан дөгелек үстелін өткізді. Отырыс жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, т.ғ.к. Д.А. Рахымқұловтың  баяндамасымен ашылып,  кеңестің А. Абуов, А. Нұрманова, Г. Омарова, Н. Құрманалина, А. Отарбаева  және т.б. мүшелері, институт директорының ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.д., Р.А. Бекназаров пен директордың ұйымдастыру және коммерция жөніндегі орынбасары, т.ғ.д., С.О. Смағұлова да қатысып жас  ғалымдармен өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Дөнгелек үстел барысында жас ғалымдар елбасының Жиырма қадам бағдарламасында көтерілген түйткілді мәселелерді өздерінің жеке ой-пікірлері арқылы ортаға салды. Әсіресе жас ғалымдар мақаланың 17-ші тапсырмасындағы жастар саясатына қатысты мәселеге назар аударып, сол тапсырма төңірегінде біраз ой жүгіртті. Мұның өзі жастардың еліміздің болашағына немқұрайды қарамайтындығын аңғартса керек. Дөнегелек үстел соңында жастар институт ішінде ағылшын тілі курсын ұйымдастыру қажеттігін алға тартып, оның жақын уақытта орындалуына әкімшілік тарапынан қолдау танытуын ұсынды.
28.08.12. 28 тамызда БҒҚ., т.ғ.д. С.Ф. Мажитов Ұлттық Ақпараттандыру Орталығының кеңейтілген  Ғылыми кеңесінде «E-Learning» бағдарламасы бойынша Қазақстан тарихындағы сандық білім беру саласын жетілдіру  мәселесі» бойынша сөз сөйледі.
29.08.12. 2012 ж. 29 тамыз күні институтттың Ғылыми кеңес өтіп, күн тәртібінде бойынша институт басшысы, т.ғ.д. Х.М. Әбжанов Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласына орай жүргізілеті іс-шаралар мәселесімен таныстырды. Сонымен қатар  институттың сыртқы байланыстар бойынша жүргізген іс-шаралары туралы есебі (ҚР аймағы және алыс, жақын шет елдермен), «Историческое пространство» журналына  мақалалар даярлау мәселесі және баспаға ұсыну үшін даярланған  «Казахи. История и культура» кітабы ( т.ғ.к., доцент Қ. Өскенбай) мен «Р. Мәрсеков. Қазақ қайда бара жатыр?» атты жинақ (т.ғ.д., доцент С.О. Смағұлова) талқыланды,  институт қызметкерлерінің Венгрияға сапары, Кытайдағы конференцияға қатысуы, Павлодар облысына ғылыми іс-сапары жайындағы есептері тыңдалып және ғылым саласындағы сыйлық мәселесіне кандидаттар ұсыну, еңбек тәртібі және т.б. мәселелер қарастырылды.