Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Орынбор қаласына ғылыми іссапар


2021 ж. 18-31 шілде аралығында Институт қызметкері Н.Н. Құрманалина «Қазақ хандарының, сұлтандарының және батырларының өмірі мен қызметінің беймәлім қырлары туралы құпиясыздандырылған Ресей мұрағаттары (18 – 19 ғасырдың бірінші жартысы)» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Орынбор қаласына (РФ) ғылыми іссапарға барып келді.

20 шілдеде жергілікті мұсылмандық ұйым «Караван Сарай» мұсылмандық діни бірлестік» басшылығының өкілі Г.С. Жангабиловамен кездесу боды. Іс шара барысында оған Институт атынан серіктестік туралы Меморандумның қол қойылған нұсқасы табысталды. Сонымен қатар өзара кітап сыйлау рәсімі өтті.

Ал 23 шілде күні Институттың ғылыми қызметкерлері Халықаралық «Қазақ тілі» коғамының Орынбордағы өкілдігінің төрайымы С.С. Таикешевамен кездесті. Кездесу кезінде Институт атынан Таикешева Сәуле Совхозқызына кітап тарту етілді, сондай-ақ Орынбор қаласына ғылыми іссапарларды жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Алғысхат табысталды.

Сонымен бірге 27 шілдеде Сәуле Совхозқызының ұйымдастыруымен ақсақалдармен, жастармен және жергілікті қазақтармен кездесу өтті. Тарихи танымдық әңгімеден кейін С.С. Таикешева Институтқа тарту ретінде кітаптар сыйлады.

Іссапар барысында негізгі жұмыс Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде атқарылды. Сондай-ақ ғылыми ізденістер Н.К. Крупская атындағы Орынбор облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында да жүргізілді. Нәтижесінде қазақ хандарының, сұлтандарының және батырларының өмірі мен қызметінің мәселелері, жай-жапсарлары бойынша ақпар беретін 66 архив істерінің, 36 басылымның электронды көшірмелері алынды.