Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер және тарихи тұлғалар» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы (ПРЕСС-РЕЛИЗ)


Ұлттық мемлекетіміз бен аумақтық тұтастығымызды сақтау жолында күрескен батырлардың тарихта алар орны ерекше. Отандық ғылымның дамуы мен тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуінде, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде ұлт-азаттық қозғалыс көсемдері мен батырларының ерлік істерінің маңызы арта түсуде. Батырлар әр халықта және әр тарихи кезеңде ерлік пен елдіктің басында тұрды. Қазақтың ұлт ретінде қалыптасып, мемлекеттілігін дамытып, оны сақтап қалуда олардың қосқан үлесі, жанкешті іс-әрекеттері ел есіндегі.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың ерекше әлеуметтік топ ретінде өзіндік идеологиясы, қоғамдық функциясына, қызметіне байланысты тек өздеріне тән өмір сүру салты, жауынгерлік салт-дәстүрі, басқа әлеуметтік жіктермен ара қатынасын реттейтін әлеуметтік нормалары, этикасы және т.б.  ерекшеліктері қалыптасты. Батырлар туралы құнды мәліметтер қазақ ауыз әдебиетінде – эпос, жырларда, жыраулар поэзиясында және т.б. деректерде тамаша көрініс тапқан. ХІХ ғасырда өмір сүрген батыр тұлға Бұқарбай Естекбайұлының туғанына 200 жыл толып отыр.
2012 жылы 7 маусымда Алматы қаласындағы Ғылым ордасында  Бұқарбай Естекбайұлының туғанына 200 жыл толуына байланысты Алматы қаласындағы Ғылым ордасында «ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістер және тарихи тұлғалар» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Конференцияны ұйымдастырушы «Ғылым Ордасы» мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
• Ұлт-азаттық көтерілістердің теориялық методологиялық мәселелері
• Бұқарбай батыр туралы ой-толғамдар
• Көтерілістердегі жеке тұлғалардың орны мен рөлі
• Батырлардың ауыз әдебиетіндегі көрінісі
Конференция барысында ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық көтерілістегі тарихи тұлғалардың өмірі мен ерлік істері кеңінен талданады. Қазақстанның тарих ғылымында батырлардың ерлік істері кешенді зерттеу заман талабына байланысты жаңаша көзқарастар мен бағыттар бойынша жүргізуде.
Бас қосуға ғылыми-зерттеу орталықтарының кәсіби тарихшылары мен әдебиеттанушылары, Алматы мен басқа да республикалық ЖОО оқытушылары мен зерттеуші ғалымдары қатысып, аталған мәселе бойынша өз көзқарастары мен ойларын ортаға салады.