Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Батыс Қазақстан облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстары өткізілді


2021 жылғы 12-21 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс топтарының құрамы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның Алматы қаласы бойынша филиалымен өзара тәжірибе алмасу бойынша байланыстарды жүзеге асырды.

12.10.2021 ж. Батыс Қазақстан облысы бойынша саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмыс топтарының құрамы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор З.Е.Қабылдиновпен және институт қызметкерлерімен кездесуге қатысып, жұмыс топтарында ғылыми ісденістерді жүргізу бойынша өзара іс-тәжірибе алмасты. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс кабинетімен танысып, жұмыс топтарының құрамына кітаптар сыйлыққа беріліп, естелік фотолар жасалынды.

13.10.2021 ж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының мүшесі, т.ғ.д., профессор С.Ә.Жакишевамен «Мұрағаттық мәліметтермен жұмыс және Батық Қазақстан облысы бойынша электрондық мәліметтер базасын құру» тақырыбында Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде офлайн кездесу өткізілді.

15.10.2021 ж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарының жетекшісі, ҚР ҰҒА құрметті академигі, т.ғ.д., профессор Т.О. Омарбековпен онлайн кездесу өткізіліп, аймақтардағы ашаршылық, жинақталған құжаттарда Батыс Қазақстанға қатысты мәселелер қарастырылды, құжаттармен жұмыс жасау бойынша нұсқамалық жүргізіліп, Алматы қаласы мұрағаттарының қорларымен жұмыс жасау бойынша бағыт-бағдар берілді.

16.10.2021 ж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының жетекшісі, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор М.Қ. Қойгелдиевпен онлайн кездесу өткізіліп, жұмыс топтарының жұмыс барысы талқыланды, құпия және құпиясыздандырылған құжаттармен жұмыс істеу, материалдарды жинақтап Нұр-Сұлтан қаласындағы бас офиске жіберу, жинақтар шығару барысы бойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті.

19.10.2021 ж. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмыс тобының жетекшісі, т.ғ.к., профессор К.Н.Балтабаевамен офлайн кездесу өткізіліп, шетелдік мұрағаттармен және арнайы органдарымен өзара қарым-қатынас жасау барысы талқыланды, қажетті материалдарды алу үшін сұрау салу бойынша слайд арқылы және тікелей интернет желісі арқылы сұрау салуды көрсете отырып түсіндіріліп, өзара тәжірибе алмасты.

21.10.2021 ж. Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі, т.ғ.д., профессор З.Е.Қабылдиновпен және Батыс Қазақстан облысы жұмыс құрамымен бірлескен жаңа жоба бойынша онлайн отырыс ұйымдастырылып, жаңа жобаның жасалу барысы талқыланды, институт тарапынан жауапты белгіленді.