Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Алматы қаласында Әлихан Бөкейхановтың 155-жылдығын еске алуға арналған салтанатты кеш өтті


2021 ж. 27 қазанда Ш.Ш.Уәлиханов Тарих және этнология институты директорының кеңесшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор С.М.Борбасов және директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты А.Т. Абдулина Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Республика сарайында «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың 155-жылдығын еске алуға арналған салтанатты кешке қатысты.