Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Хафизова Клара Шайсұлтанқызының құнды кітаптарын ҚР Ұлттық кітапханасының қорына табыстау туралы


2021 ж. 8 қазанда ҚР Ұлттық кітапханасында көрнекті шығыстанушы ғалым, Орталық Азиядағы Қытай тарихы мен сыртқы саясаты бойынша әлемге танымал маман, тарих ғылымдарының докторы, профессор Клара Шайсұлтанқызы Хафизованың өзінің жеке кітапханасындағы құнды кітаптарды кітапхана қорына табыстау бойынша салтанатты іс-шара өтті. Кездесуде Институттың директор орынбасарының м.а. А.Т. Абдулина қатысып, сөз сөйледі, ол К.Ш. Хафизованың Қазақстанның тарих ғылымының дамуына қосқан ғылыми үлесін, оның 20 жылға жуық жұмыс істеген академиялық институтпен тығыз ынтымақтастығын атап өтті. Қазіргі уақытта Клара Шайсұлтанқызы Қазақстанның тарихының 7 томдық академиялық басылымын әзірлеу бойынша жұмысқа тартылған. Кітапханаға берілген кітаптардың ішінде Халықаралық қатынастар жөніндегі Қазақстандық кеңестің және Е.Кариннің демеушілігімен институт шығарған «Цинская империя и Казахские ханства. Вторая половина XVIII – первая треть XIX вв.». Барлық қатысушылар К.Ш. Хафизованың даналығы мен жомарттығын атап өтті, ол басқа ғалымдар үшін керемет үлгі болып табылатын кітаптарды оқырмандармен бөлісуге дайын. Оған денсаулық, ғылымда жаңа табыстар және ұзақ өмір тіледі!