Тарих ғылымдарының докторы, профессор ВИКТОР ИВАНОВИЧ КОЗОДОЙДЫҢ «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» («Әлихан Бөкейханов. Дәуір адамы») кітабының таныстырылымы

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 2 қараша 2021 ж.

ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты тарих ғылымдарының докторы, профессор В.И. Козодойдың «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» (Новосибирск, 2021) атты кітабының таныстырылымын өткізеді.

Виктор Иванович Козодой Новосибирск облысының вице-губернаторы қызметін атқарып, Ресей Ғылым академиясының Сібір филиалының тарих институтын және Сібір басқару және бұқаралық коммуникациялар академиясын басқарды. Ол ХХ ғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси үрдістер тарихы, оның ішінде қазіргі Қазақстан Республикасы аумағындағы қоғамдық-саяси жағдай мәселелерін зерттеуші, Қазақстанның ғылыми қоғамдастығымен тығыз ғылыми ынтымақтастық ұстанатын ресейлік ғалым. В.И. Козодой 50-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік зерттеулер, 13 жеке және бірлескен авторлықта жарық көрген монографиялардың авторы.

Ғалым Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметіне арналған «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» монографиясын даярлауда 2019 жылдан бері ғылыми-ізденіс жұмыстарын атқарып келді. Осынша уақыт автор Ресей мен Қазақстан архивтерінде зерттеу жұмыстарымен айналысып, бұрындары жарық көрмеген құжаттық деректерді ғылыми айналымға енгізді.

Сонымен қатар Виктор Иванович аталмыш тақырыпты көпшілікке насихаттау жұмыстарымен белсенді айналысты, БАҚ-та және Қазақстанның ақпараттық ресурстарында оннан астам сұхбат пен мақалалар, атап айтар болсақ, Санкт-Петербургте өткен «Таврия оқулары» Халықаралық ғылыми конференциясы материалдарында жарық көрді.

«Алихан Букейханов. Человек-эпоха» («Әлихан Бөкейханов. Дәуір адамы») кітабы 2021 жылдың қазан айында Новосибирск қаласында баспадан шықты.

Автор ғылыми тұжырымында: «Әлихан Бөкейханов қайшылыққа толы тарихи кезеңде тек қана ұлттық деңгейдегі көшбасшы ғана емес, ол жалпыреспейлік деңгейде алып қарағанда, Ресей демократиялық саяси элитасы арасында тұғыры биік тұлға бола білді. Әлихан Бөкейханов – Ресей мемлекеттік Думасының депутаты, 1906 ж. «Выборг» үндеуінде Бірінші Мемлекеттік Думаның таратылуын заңсыз деп таныған саясаткер. Ресейдің ең ірі оппозициялық партиясы – кадеттер партиясы Орталық Комитетінің жетекшілерінің бірі. Уақытша үкімет кезеңіндегі Оралдың арғы жағындағы Ресей мұсылмандарының арасынан шыққан бірінші губернатор (комиссар) (1917 ж.). Алаш Орда үкіметінің төрағасы» – деп Алаш қайраткеріне тарихи бағасын береді.

Таныстырылым мақсаты – көрнекті қоғамдық-саяси қайраткер, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейхан туралы кітабын ғылыми қауым мен  барша қазақстандық жұртшылыққа  ұсыну, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік міндетті орындау  аясында ресейлік ғалым В.И. Козодойдың Ә. Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеуге қосқан үлесін айшықтау.

Конференция тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері.

Қатысу нысаны: Офлайн және ZOOM платформасы арқылы онлайн-режимде (идентификатор – 880 4242 9856, кіру коды: 647563)

Конференцияға қатысуға ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар және 35 жасқа дейінгі жас ғалымдар, сондай-ақ БАҚ өкілдері шақырылады.

Іс-шараның жұмыс регламенті: 10.00-11.00.

Мекенжайы: 050100 Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. «Ғылым ордасы» (Ш.Ш. Уәлиханов Тарих және этнология институтының кіші конференц-залы, 3-қабат).

Байланыс телефоны: 8(727) 272-67-19, 261-01-33; факс: 8 (727) 261-67-19; Абдулина Ақсунқар Тұрсынқызы – қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары, т.ғ. к., моб.: +7 777 312 20 36; Оралова Ақнұр Амангелдіқызы – ғылыми қызметкер.; моб.: +7 778 947 04 22.

E-mail: abd_aksunkar@mail.ru

 

Ұйымдастыру комитеті