Бірқатар келісімшарттарға қол қойылды

2021 жылғы 27 қазанда Семей қаласында Ә.Бөкейханов университеті мен Семей өлкетану музейі ұйымдарымен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойылды. Байланыстарды жолға қою атақты новосібір ғалымы, т.ғ.д., профессор В.И. Козодойдың дайындаған «Алихан Букейханов. Человек-эпоха» («Әлихан Бөкейханов: Дәуір адамы») атты кітабының тұсаукесері кезінде мүмкін болды.

Сонымен қатар, мұнда ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын зерделеу жөніндегі өңірлік комиссия мүшелерімен кездесу өтті.