Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 07.01-13.01.2013


04-09.01.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжановтың «Ана тілі» газетінің №1(1155) санына «Тарихты Қазақ мемлекеттілігі тұрғысынан жазуымыз керек» атты мақаласы жарық көрді.

07.01.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Хабар» телеарнасының «Білім» бағдарламасында «Қазақ жылқысының сапасын қалай жақсартуға болады» тақырыбында сөз қозғады.

07.01.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Хабар» телеарнасының «Білім» бағдарламасында «Қазақы төбет ит» тақырыбында сөз сөйледі.

07.01.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жж. ашаршылық: тарихи-құжаттық зерттеу» гранттық жобасы аясында тақырыпқа сай материалдар жинастыру мақсатында Мәскеу қаласына ғылыми іс-сапарға аттанды.

08.01.13. Институт Дирекциясының 1-отырысы болып өтті. Ежелгі, ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к., доцент Н.Ә. Атығаев директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары қызметіне тағайындалып, ұжымға таныстырылды.

08.01.13. Институтта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауына орай, Институттың жас ғалымдары Кеңесінің бастамасымен Дөңгелек үстел өткізілді. Жиынға директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, т.ғ.к, доцент Н.Ә. Атығаев, директордың ұйымдастырушылық және коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смагулова, ғылыми хатшы, Ph.D. А.П. Ермұхамедова, ғылыми қызметкерлер т.ғ.к. Д.А. Рахымқұлов, Р.Д. Кубеев, Н.Н. Құрманалина, Г.А. Омарова, А.К. Нұрманова, А.Ж. Абуов, А.Б. Отарбаева, А.Б. Асанова, А.А. Оралова, Ж.К. Спабеков, Ж.Н. Тоқтарбаева және А. Сыдықовалар қатысты. Дөңгелек үстел барысында қазақстандықтар үшін бұл стратегияның маңыздылығы мәселесі талқыланды.

11.01.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Айтуға оңай» бағдарламасында «Қазақстан» телеарнасына «Мал ұрлығын қалай тиюға болады» тақырыбында сөз сөйледі.

Институт директорының орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова мен аға ғылыми қызметкер Г.Ж. Өсембаеваның қатысуымен түсірілген «Санжар Асфендиярұлы» атты деректі фильм Қазақстан телеарнасынан (Казпионет) көрсетілді.

«Аңыз адам» журналы Ежелгі, ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д. З. Қинаятұлын журналдың ең үздік авторы атағына ұсынды.