Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстандағы кеңестік модернизация: ықпалы мен нәтижелері (1920-1991 жж.)» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның ақпараттық хаты


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2021 жылы 21 желтоқсанда ІХ Нүсіпбеков оқулары аясында «Қазақстандағы кеңестік модернизация: ықпалы мен нәтижелері (1920-1991 жж.)» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.

Конференция онлайн-форматта Zoom платформасы арқылы өткізіледі (идентификатор: 851 9762 9980, код доступа: 300499   https://us02web.zoom.us/j/85197629980?pwd=VjQ5VkpJVEp1ajZkSkV1RCtab3k1QT09)

Конференцияның мақсаты – белгілі қазақстандық тарихшы академик А.Нүсіпбековтің отандық тарих ғылымының дамуына қосқан үлесін зерттеу, саяси репрессиялардың, экономикалық тарихтың, әлеуметтік-мәдени даму және кеңестік модернизацияның қазіргі тарихнамалық мәселелерінің талқылау.

Конференция жұмысы төмендегідей бағыттар бойынша өтеді:

– Ақай Нүсіпбеков: тарихшы ғалым, ғылымның ұйымдастырушысы және қайраткері;

– Қазақстандағы 1920-1950 жж. саяси репрессиялар тарихының жаңа фактілері;

– кеңестік кезеңдегі Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері;

– кеңестік Қазақстандағы гуманитарлық ғылымның даму спецификасы;

– 1920-1991 жж. Қазақстанның әлеуметтік-мәдени дамуының мәселелері;

– қазіргі қазақстандық тарихнамада кеңестік модернизацияның зерттелуі.

Өткізілетін орны: 050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28, «Ғылым ордасы», Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, 2-қабат, 205 ауд. (Академик Ақай Нүсіпбеков ат. Ғылыми кеңес залы).

Конференцияның басталуы – сағ. 10:00, қатысушыларды тіркеу – 9:30-дан.

Ұйымдастыру комитетінің байланыс телефондары: тел.: +7(727) 261-67-19, 272-68-46, +7707 208 92 43.

Е-mail: kazhistory@bk.ru; Shamek_09@mail.ru; kali_ainura@mail.ru;

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Конференция жұмысына қатысу үшін өтінімдеріңізді 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін мына эл.пошталарға жіберулеріңізді өтінеміз: е-mail.: kazhistory@bk.ru; Shamek_09@mail.ru; kali_ainura@mail.ru.

Дөңгелек үстелдің қорытындылары бойынша электрондық мақалалар жинағын шығару жоспарлануда, материалдарды қабылдау мерзімі – 2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін.

Конференцияға қатысушылардың іссапар шығындары жіберуші ұйымның есебінен.

 

Материалдарды рәсімдеу талаптары: Microsoft Word редакторында көлемі 8 бетке дейін, шрифт – Times New Roman, кегль – 14, жол аралығы – бір;  азат жолы – 15 мм, азат жолы шегінісі автоматты түрде орнатылады; жиектері: үстіңгі және төмеңгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм;  автордың аты-жөні, ұйымның атауы – оң жақтағы бұрышта; баяндама атауы бас әріптермен төменде ортасында орналастырылады, қала, мемлекет. Ғылыми дереккөздерге сілтемелер мәтінде айтылу реті бойынша тік жақшада реттік нөмірмен мақаланың соңындағы пайдаланылған әдебиеттер тізіміне сәйкес көрсетілуі керек (мысалы, [1, 17-б.]). Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамауға құқылы.

 

ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІМ

 

Аты-жөні (толық)                                                                                                               

Ғылыми дәрежесі (ғылыми атағы):                                                                                 

Жұмыс орны, ұйымның толық атауы:                                                                             

Қызметі:                                                                                                                              

Байланыс телефондары, факс.:                                                                                         

Е-mail.:                                                                                                                               

Баяндаманың атауы:                                                                                                             

Түйін сөздер:                                                                                                                      

Қысқаша аннотация (250 сөзге дейін)                                                                            

 

 

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті