Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 14.01.2013-20.01.2013 ж.


15.01.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., А.У. Тоқтабай Қазақстан телеарнасында «Айтуға оңай» бағдарламасында «Мал ұрлығы» тақырыбында ой қозғады.

16.01.13. Директордың ғылыми жұмыстар бойынша орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.А. Атығаев, директордың ұйымдастырушылық және коммерциялық істер жөніндегі орынбасары С.О. Смагулова, т.ғ.д., академик М.Х. Асылбеков және басқа да қызметкерлер білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың тапсырысы, сонымен бірге ҚР БҒМ Ғылым комитеті Төрағасы Н.М. Ыбырайымның бұйрығына сәйкес «Ғылыми Қазына» бағдарламалық-мақсатты қаржыландырылған (2012-2014 жж.) бағдарламасы аясында Алматы қ. Ұлттық кітапханада болып өткен дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел «Қазақ газетінің» мерейтойына, ХХ ғ. қазақ интеллигенциясы, сонымен қатар «Ғылыми қазына» бағдарламасын жоспарлау және жүзеге асыру мәселелеріне арналды.

Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжановқа Қазақстандағы гуманитарлық құндылықтарға деген оң көзқарасы мен сыйластығы, Алматы қаласы халқына адамгершілік пен кеңпейілділік сезім танытқаны үшін ҚР Қызыл Жартыайлық Қоғамдастығы Алматы қалалық филиалы атынан алғыс хат тапсырылды.

Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімі қызметкерлерінің ғылыми мақалалары жарық көрді:
1. Галиев В.З. Развитие школьного образования в Семиречье во 2-ой половине ХІХ в. // Алматы қ. Мұрағат қызметі хабаршысы. Вестник архивной службы г. Алматы. 2012 ж. №2. сс.67-122.
2. Галиев В.З. Обыденность заполненной духовности (к юбилею С.А. Досыбаевой). // Кітапханатану. Библиография. Библиоведение. Сб. ст. вып. 25. сс. 130-138.
3. Ксенжик Г.Н. Историко-географические характеристики развития населенных пунктов Кустанайского уезда ХІХ-начало ХХ вв. // Мысль. – №1.
4. Ксенжик Г.Н. Формирование западной границы Казахстана в XVIII-XIX в. // Родной край. – 2013-№1.