Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 21.01.2013-27.01.2013 ж.


21.01.13. Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкерлері Д.А. Рахымқұлов және Р.Е. Оразов «Қазақстан» телеарнасында «Айтуға оңай» телебағдарламасында «Біздің елдің жігіттері» тақырыбында өз ойларымен бөлісті.

21-22.01.13. Институт қызметкерлерінің 2012 жылғы ғылыми-зерттеу және қоғамдық қызметі нәтижелері бойынша қорытынды аттестациялау өткізілді.

23.01.13. Айқын газетінің «№11(2166) санына ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» жолдауына орай Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембайдың «Дамудың жаңа бағдарламасы» атты мақаласы жарияланды.

24.01.13. Институт қызметкерлерінің ішкі аттестация қортындысы, гранттық және бағдарламалық-мақсатты жобаларды орындау, қызметкерлердің күнтізбелік жоспарлары мәселелері бойынша Институт дирекциясының кезекті отырысы болып өтті.

24.01.13. Институтта кезекті методологиялық семинар өткізілді. «Халықтану және тарихи тұлғатану» бөлімінің БҒК, т.ғ.д., академик М.Х. Асылбеков, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова баяндамалар жасады. Семинарға Институт қызметкерлері және Институтта ғылыми-өндірістік тәжірибеден өтудегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары қатысты.

25.01.13. «Казахстанская правда» газетінің №30-31 (27304-27305) санына «Общественный деятель, ученый, гражданин (100 лет со дня рождения академика С. Бейсембаева» тақырыбында Институт директоры Х.М. Әбжанов пен тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор Ж.Б. Абылхожиннің мақаласы жарияланды.

25.01.13. Қазақ әдебиеті газетінің №3-4 (3324) санына Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақстан және іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. Ә.Қ. Шашаевтың «Батыс пен Шығыс және көшпенділер» тақырыбында сұхбаты жарияланды.

25.01.13. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.к., доцент Қ.С. Алдажұманов «Қазақстандағы 1921-1922 және 1931-1933 жж. аштық: тарихи-құжаттық зерттеу» гранттық жобасы негізінде Мәскеу қаласына барған ғылыми іс-сапарынан оралды.