28.01.13. Ғылыми кеңестің отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі қарастырылған негігі мәселелер: 1) Гранттық және бағдарламалық-мақсатты тақырыптар бойынша жылдық есеп нәтижелері; 2) Методологиялық семинарларды дайындау және өткізу туралы; 3) ТЭИ 2012 жылғы қаржылық-шаруашылық жағдайы жөнінде есебі; 4) Түрлі мәселелер (ҚР мемлекеттік сыйлығына қызметкерлердің еңбектерін ұсыну; Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент және т.б. қалаларға ғылыми іс-сапар жөнінде есептер).
29.01.13. Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. А.И. Құдайбергенова «Қазақстан» телеарнасына «Айтуға оңай» бағдарламасына «Малдың жайын баққан білер» тақырыбында сұхбат берді.
30.01.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2013 жылғы Жолдауына байланысты Алматы қаласы Алатау ауданы Белсенділерінің отырысына қатысып, баяндама жасады.
30.01.13. Айқын газетінің № (16 (2171) санына директордың ұйымдастырушылық және коммерциялық жұмыстар бойынша орынбасары т.ғ.д. С.О. Смағұлованың «Өзбек пен түрікменнің қателігін қайталамайық» атты сұхбаты жарық көрді.
30.01.13. Айқын газетінің № (16 (2171) санына Ежелгі және ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессор З. Қинаятұлының «Жошы хан моңғол ма, әлде меркіт пе?» тақырыбында сұхбаты жарияланды.
31.01.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Астанада 2012 жылдың білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындылары және Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа 2013 жылғы Жолдауы міндеттерін талқылаған ҚР БҒМ Алқасының кеңейтілген отырысына қатысты.
31.01.13. Ежелгі және ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒК, т.ғ.д., профессор З. Қинаятұлы «Алматы» телеарнасының «Тарих тағылымы» бағдарламасына «Сақ бірлестігінің тарихы» мәселесіне қатысты сөз сөйледі.
01.02.13. «Президент және халық» газетінің (№4 (386) санына Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің ғылыми қызметкері Ж.Қ. Спабековтың «Жолдау жүктегенді жұмыла көтерейік» атты мақаласы жарық көрді.
01.02.13. «Шымкент келбеті» газетінің №5 (1180) санына Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің ғылыми қызметкері Ж.Қ. Спабековтың «Халық санының артуында облыстың үлесі мол» тақырыбында мақаласы жарияланды.
01.02.13. Ежелгі және ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК т.ғ.к., Ә.Қ. Шашаевтың «Алматы» телеарнасынан «Мәдени Мұра деректеріндегі Сақ тарихы» тақырыбында берген сұхбаты көрсетілді.
01.02.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к., доцент С.К. Рүстемов «Алматы» телеарнасына «Қазақтар және ислам» тақырыбына сұхбат берді.