2013 ж. 19 ақпан күні Институтта биылғы жылдың екінші методологиялық семинар жұмысы өткізілді. «Актуальные проблемы методологии и периодизации истории Казахстана Нового времени» («Қазақстан тарихының методологиясы мен кезеңдеудің өзекті проблемалары») тақырыбы бойынша негізгі баяндаманы Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Галиев В.З. жасады.
Тарихи методология ұғымына, даму барысына тоқталып өтті. Оның дамуына үлес қосқан ғалымдардың, тарихшылардың (Карамзин, Соловьев, Галузо, Асфендияров, Вяткин, Чулошников және т.б.) жасаған еңбектері мен өзіндік пікірлеріне сипаттама жасады. Мысалы, Соловьев 28 томдық «История России» еңбегінде Ресей империясының тарихын мемлекеттіліктің даму проблемасы арқылы ашып зерттеген. Бұнда мемлекеттің қандай жолмен дамитындығы аса маңызды екендігі айтылды. Қазақстан тарихын кезеңдеудегі проблемаларға да тоқталып өтті. Методологиялық семинар жұмысына институт қызметкерлері және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих, археология және этнология факультетінің 2-курс магистранттары қатысты. Семинар жұмысының отырысына қатысушылар кеңестік кезеңдегі тұлғатануды зерттеудегі ескерілу қажет жағдайлар, қазіргі Қазақстан тарихы ғылымының әлсіз тұстары, саяси коньюктура мен тарихи факт қатынасы, жаңа заманды кезеңдеудің проблемалары, «жоңғар», «ұйғыр» сөздерінің мағынасы туралы және т.б. сұрақтар қойып, баяндамашыдан сәйкесінше жауаптарын алды.