Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Институттың жас ғалымдарымен Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың Жолдауын талқылауы


2022 ж. 18 наурызда Институтта Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы» атты Жолдауын талқылау бойынша Жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті. Талқылауға институт әкімшілігінен т.ғ.д., профессор З.Е. Қабылдинов, сонымен қатар директордың орынбасарлары Ш.Б. Тілеубаев және А.Т. Абдулина қатысты. Модератор ретінде ЖҒК төрайымы М.Т. Морякова болды. Жолдауда айтылған бастамалар бойынша келесі жас қызметкерлер өз пікірлерін білдірді: Э.Р. Кочиев, О.Б. Қуанбай, А.Н. Қонқабаева, А.С. Тылахметова және т.б. Осы отырыстың қорытындылары бойынша жас ғалымдар кеңесінің өкілдері БАҚ-та мақалалар жариялауды жоспарлап отыр.