ЕУРАЗИЯ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ АЯСЫНДАҒЫ АРАЛ-КАСПИЙ АЙМАҒЫ


Ақтөбе облысының әкімдігі

ҚР БҒМ ҒКШ.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және  этнология институты

ҚР БҒМ ҒК Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институты

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

ІІІ Халықаралық ғылыми конференция

БЮЛЛЕТЕНЬ 1

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., 2022 ж. 24-25 қараша 

Конференцияның мақсаты мен міндеті 

Кезекті ғылыми форумның басты  мақсаты Арал-Каспий аймағының (АКА)  Еуразия тарихы мен мәдениетіндегі  ерекше  маңызын жан-жақты, көп қырлы зерттеулер негізінде жарқырата көрсету болып табылады. Бұл үлкен аймақ – Еуропа мен Азияның тарихи желісінде орналасқан – құрлықтың этно және мәдени дамуында, саяси тарихында  айрықша рөл атқарды. Тұран мен Каспий ойпаттарын, Орал тауларының оңтүстік жоталары маңайындағы көптеген жерлерді біріктірген Арал-Каспий аймағы көне замандардан көшпелі елдің классикалық үлгісі ретінде қалыптасты. Бұл жалпытарихи үрдісте, шығыс  орталықазиялық («архаикалық») пен қатар, батыс («мұсылманданған») еуразиялық дала өркениетінің орасан үлкен ошағы. Ежелгі, ортағасыр және жаңа заман дәуірлеріндегі көптеген халықтардың тарихи тағдыры Арал-Каспий аймағымен тығыз байланысты; көшпенділіктің орнауы, қоңыр-жай белдеудегі мал шаруашылығының арнайы дамуы; ірі этносаяси бірлестіктердің, ордалар мен мемлекеттердің өрлеуі мен құлауы: массагеттік Тұран, оғыз ябғулары, қыпшақтардың мемлекеттік бірлестіктері, Алтын Орда (Жошы Ұлысы), Ноғай Ордасы; үлкен саяси-әкімшілік орталықтардың, қалалардың тарихы; көшпенді-бақташылардың рухани мәдениеті, тұрмыстық-дәстүрлерінің ерекше дамуының әралуандығы; көз тартарлық өзіндік ерекше мемориалды-культтік, қоныстық ескерткіштердің үлкен тобының  қалыптасуы және т. б. 

Еуразия тарихы мен мәдениетінің осы және басқа да маңызды мәселелерін ұжымдық зерттеу үшін Батыс Қазақстанның өңірлік орталықтарындағы бірнеше ірі форумдар арнауға тура келді. Бұл іске арналған игілікті шараның негізі 2006 және 2011 жылдары Ақтөбе қаласында көптеген елдерден 200-дей ғалымдар қатысқан конференцияларда қаланды. Сонымен қатар, оның материалдар жинағы да шықты. Кейіннен біраз өзгешелеу болса да мұндай конференциялар Ақтау мен Қызылорда да өтті. Қазіргі таңда аса маңызды ғылыми және практикалық жүргізілген жұмыстарды қорытындылап, алға қойылған мақсаттарды айқындап, Арал-Каспий аймағының алуан түрлі тарихи-мәдени мұраларын игеруді жүзеге асыру, зерттеуші мамандардың, ғалымдардың басын қосып, ІІІ Халықаралық Арал-Каспий конференциясын (негізгі нұсқасы бойынша) өткізудің уақыты жетіп отыр. Конференцияның еліміздің, аймақтың ірі мәдени және ғылыми орталығы Ақтөбеде өткізілуі маңызды шара.

Өлкенің  бай мұнай-газ көздерін қарқынды игеріп жатқан уақытта АКА-ның бай тарихи-мәдени мұраларын зерделеп келешек ұрпаққа сақтау жолында ғылыми  зерттеулерді кеңейтіп тереңдете беруде Арал-Каспий форумы ерекше рөл атқарады. Форумда өте үлкен ауқымдағы мәселелерді қарап және талқылау көзделіп отыр: АКА-ның жалпы тарихи-мәдени маңызы, этно-, мәдени- және саясигенездің күрделі  мәселелерін сараптау; үлкен аумақтағы бақташылық және басқа халықтардың мәдениетіндегі ортақ және өзгешелік сипаттарды анықтау; аймақтың жылжымайтын ескерткіштерін (архитектуралық, археологиялық, эпиграфикалық және т. б.) жан-жақты терең зерттеу; далалық экспедициялардың жаңа нәтижелерін жариялау; ескерткіштерді қорғау мәселелері; жер байлығын игеру және экология мәдениеті; туризмді дамыту. Конференция аясында көрмелер, презентациялар, кең көлемдегі мәдени бағдарламасы, ғылыми әдебиеттерді алмастыру мен сатуға арналған киоскінің жұмысы жоспарланып отыр. 

АКА–2022 көрнекті ғалым – этнолог, этноархеолог және ескерткіштанушы, Арал-Каспий аймағының тарихы мен мәдениеті бойынша жетекші маман, т.ғ.д., профессор, Шығыс елдері архитектурасы Халықаралық академиясының корреспондент-мүшесі Серік Ескендірұлы Әжіғалидің 70 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Осыған байланысты (2023 ж. 1-ші жарт.) ғылыми мақалалар жинағын, соның ішінде бұл форумның материалдары негізінде жариялау жоспарлануда.

Шақырылады

тарихшылар, археологтар, этнологтар, этноархеологтар, өнертанушылар, мәдениеттанушылар, пәнаралық маман өкілдері, Еуразия даласының және Арал-Каспий аймағының тарихы мен мәдениеті бойынша мамандар, ғылыми-зертттеу мекемелерінің қызметкерлері.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияда төмендегідей  секциялар жұмыс істейді:

Секция 1. Тарих

Секция 2. Археология

Секция 3. Этнография

Секция 4. Этноархеология. Сәулет өнері

Секция 5. Түркі араб жазуындағы эпиграфика. Этнолингвистика

Секция 6. Өнер. Фольклор. Музыка

Секция 7. Ескерткіштану. Экология. Туризм.

Қатысу шарттары

Баяндаманы (мақаланы, тезистерді) жариялау үшін материалдар келесі талаптарға сай орындалуы міндетті: баяндама мәтіні 5 беттен аспауы керек (конференция тақырыбымен байланысты), тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторда терілуі қажет. Суреттердің (jpeg форматында) файлдары мен  оның тізімдемелері бар суреттердің жеке папкасы автордың тегімен берілуі керек; суреттерге сілтеме (қажет болса) мәтіннің ішінде көрсетілуі тиіс: … (сурет 1) және т. б.

1. Кестелер, схемалар, суреттер атауы болуы шарт және Windows-та орындалуы қажет.

2. Мәтіндік файлдар бетінің форматы: А4.

3. Жиектері: жоғары – 2 см, төменгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.

4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.

5. Жоларалық арақашықтық – қалыпты.

6. Азат жолдан бастау: 1,0.

7. Алдымен баяндама аты теріледі: ортасында ҮЛКЕН ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮШРИФТПЕН)

8. Баяндама тақырыбы астына ортада кіші әріптермен (қою шрифтпен) автордың (авторлардың) Т.А.Ә.

9. Төменде автордың жұмыс істейтін мекеме атауы толық жазылады.

10. Азат жолдан соң бір арақашықтықтан кейін баяндама/мақала мәтіні теріледі. Азат жол автоматты түрде беріледі.

11. Әдебиеттер мен дерек көздері тізімі мақала соңында және жұмыстардың көрсетілген ретіне сай берілетін болады. Мәтіндегі сілтемелер шаршы (квадрат) жақшаларда Әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай, дерек көздің бетін көрсету (қажет болған жағдайда) арқылы безендіріледі, мәселен: [6, с. 2], [1, 2-б.], немесе [1, p. 2].

12. Белгілерді үйлестіру: тырнақша – «»; ғасырларды белгілеу – рим цифрларымен, жылдар – араб цифрларымен. Сондай-ақ, дефиспен (-) тире (–) қолдануын айыру керек. Тире сандық, хронологиялық және т. б. аралықтарды белгілеуде қолданылады: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVI ғғ. (аралықсыз) немесе XV ғ. аяғы – XVI ғ. басы (аралығымен); 7–8 км; М.–Л. және т. б. 

Барлық суреттер және фотографиялар қанық, 300 dpi кем емес болуы шарт.

Ұйымдастыру комитеті форум материалдарын алдын ала жариялауды жоспарлауда. Конференция бағдарламасына қосу үшін ұйымдастыру комитетіне қатысушының тіркеу формасын жіберу керек.

Тіркеуформасы 2022 ж. 1 шілдесінедейін,баяндама материалдары(мақала) – 15 қыркүйеккедейінқабылданады.

Іссапар шығындары

Жол шығыны іссапарға жіберуші жақпен төленеді.

Баяндамалардыconference.acr@gmail.com электронды поштасына жіберуіңізді сұраймыз.

Ұйымдастырушылар

(ғылыми-ұйымдастыру сұрақтарын шешу үшін)

Әжіғали Серік Ескендірұлы – конф. модераторы, ҚР БҒМ ТЭИ бас ғылыми қызметкері, т.ғ.д., проф.

е-mail: s.azhigali@gmail.com тел.: +7 (727) 275-35-51

Орынбаева Гүлмира Үсенбайқызы – ҚР БҒМ ТЭИ жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к.

е-mail: orinbaevag@mail.ru ұялы тел.: +7 701 3707032

Ізбасарова Гүлбану Болатқызы – Қ. Жұбанов атындағы АӨУ кафедра меңгерушісі, т.ғ.д.

е-mail:     iz_gulbanu@mail.ru            ұялы тел. + 7 701 352 7894

Шалманова Әлия Бақытжанқызы – конф. хатшысы, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері

е-mail:     aliya_sh83@mail.ru ұялы тел.: +7 701 6028128

Байланыс телефондары:

+7 (727) 261-67-19 (ҚР БҒМ ТЭИ этнология және антропология бөлімі); + (7132) 74-21-49 (Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі) 


 Тіркеу формасы

ер  □ әйел  □

Тегі, есімі, әкесінің аты (толық) 
Ғылыми дәрежесі, қызметі  
Ғылыми атағы 
Ұйым (ғылыми мекеменің атауы, ЖОО және т. б., орналасуы) 
Автордың мекенжайы (индекспен) 
E-mail 
Моб. телефон 
Телефон (халықаралық байланыс кодымен) 
Баяндама атауы 
Секция 
Қажетті техникалық құралдар 
Қонақүйде нөмір брондау қажеттігі (иә/жоқ) 
kk