Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 01.04.2013 – 07.04.2013 ж.


01.04.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒҚ, т.ғ.к. К.Қ. Нұрымбетова ҰҒТАО-да өткізілген «Процесс отбора журналов в Web of Science: как подготовить журнал для отправки в Thomson Reuters» тақырыбындағы семинар жұмысына қатысты. (Алматы).
01.04.13. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали «СТС» телеарнасына «Киіз үй» тақырыбында сұхбат берді.
01.04.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Қазақстан» телеарнасына «Тазы» тақырыбында сұхбат берді.
1-2.04.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов Мәскеу қаласында іссапармен болды. Іссапар мақсаты – РҒА ЖТИ ғалымдарымен ғылыми байланысты кеңейту.
03.04.13. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің студенттері мен магистранттарына археология және этнография мәселелері бойынша дәрістер оқыды.
3.04.13. Институттың аға ғылыми қызметкерлері т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева мен З.М. Төленова Ұлттық кітапханада өткен п.ғ.д. Н.Н. Жотабаеваның «Последняя осень союзного парламента» кітабының тұсаукесер рәсіміне қатысты.
03.04.13. Тарихнама, деректану және ғылыми ақпараттандыру бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов Алматы қаласында өткен «IDC Cloud Leadership Forum 2013» Форум жұмысына қатысты.
4.04.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор Х.М. Әбжанов мектепке арналған оқулықтарды сараптау бойынша республикалық комиссия отырысының жұмысына қатысты.
05.04.13. «Түркі әлемі» газетінде Этнология және антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. А.У. Тоқтабайдың «Наурыз туы астында» мақаласы жарық көрді.
5-6.04.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Д. Көбеев Ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен Британ кеңесімен бірігіп Назарбаев Университеті базасында өткізген «Ғылыми зерттеу сапасын және стратегиялық серіктестік көтеру» тақырыбындағы семинарға қатысты.
07.04.13. Этнология и антропология бөлімінің меңгерушісі т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали «СТС» телеарнасына «Киіз үй» тақырыбында сұхбат берді.
01.04.13. Этнология и антропология бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. К.М. Төлеубаева «Қазақстан» телеарнасына білім беру және кредиттік жүйе мәселелері туралы сұхбат берді.
«Аңыз адам» (№5 (65) журналының наурыз айындағы басылымында директордың ғылым жөніндегі орынбасары, т.ғ.к., доцент Н.А. Атығаевтың «Моғолдардың билеуші тобының өкілі болғандықтан, оның көзқарасы осы топтың көзқарасын білдіреді, оларға қазақтар жат» тақырыбында берген сұхбаты жарияланды.
«Шымкент келбеті» (№13 (1188) газетінде Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің ғылыми қызметкері Р.Е. Оразовтың «Ұлт үшін күрескен Сыздық сұлтан» мақаласы жарық көрді.

«Аңыз адам» (№5 (65) журналының наурыз айындағы басылымында Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің БҒҚ, т.ғ.д. З. Қинаятұлының «Марқұмның құлпытасындағы жазуды оқыдық» тақырыбындағы сұхбаты жарияланды.
2013 ж. «Отан тарихы» журналының 1-ші санына Институт қызметкерлері В.З. Ғалиев, С.О. Смағұлова, К.Қ. Нұрымбетова, Ж.Ж. Несіпбаева, Р.Д. Көбеев және т.б. мақалалары жарияланды.
Халықаралық бизнес академиясының басшылығы Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д. Г.Н. Ксенжикті «Ауыл мұғалымдерін еліміздің оқу орындарының қолдауы Бағдарламасы» әлеуметтік-жауапты жобасының IX кезеңін жүзеге асырудағы қосқан жеке үлесі үшін мақтау қағазымен марапаттады.