Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Апталық шолу: 13.05.2013.-19.05.2013.


13-14.05.13. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты және әл-Фараби ат. ҚазҰУ Тарих факультеті арасындағы ғылыми ынтымақтастық жобалар шеңберінде.біліктілікті арттырудың екі курсын ұйымдастырушысы және дәріскері ретінде 1) Тарихи информатиканы визуалдау үшін мультимедиалық-технологиялары; 2) Тарихи-бағдарлық тақырыптық интернет-ресурстарды құру: тарихи құжаттардың интернет-жарияланымдық ерекшеліктері» тақырыптарында баяндама жасады.

15.05.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов, ғылыми жұмыстар жөніндегі директордың орынбасары т.ғ.к. Н.Ә. Атығаев, сонымен бірге Тарихнама, деректану және замануи методология бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов ұлт тарихы мәселесіне арналған ҚР Білім және ғылым министрлігіндегі (Астана) жиналысқа қатысты.

15.05.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабай «Хабар» телеарнасына «Ұлттық ат ойындары» тақырыбында сұхбат берді.

16.05.13. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов жылда өткізілетін Халықаралық IDC IT Securiti Roadshow 2013» конференциясына қатысты.

16.05.13. Институттың ғылыми хатшысы, PhD А.П. Ермұхамедованың «Аңыз адам» журналының №10 (70) санына «Сұлтан Сүлеймен ең көрнекті мұсылман билеушілерінің қатарынан орын алады» тақырыбында сұхбаты жарияланды.

16-22.05.13. «Ана тілі» газетінің №20 (1174) санына Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабайдың «Аяңы тымақты алшы мінгізгендей» мақаласы жарияланды.

17.05.13. Этнология және антропология бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.д., профессор С.Е. Әжіғали Астана қ. әкімдігінде болып өткен ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясы отырысына қатысты. Онда 2012 ж. қорытындылары мен 2013 ж. арналған жұмыс жоспары мәселелері қарастырылды.

17.05.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д., К.М. Төлеубаева «Қазақстан» телеарнасында «Айтуға оңай» бағдарламасында «Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбында сөз сөйледі.

17.05.13. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі, БҒК, т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов «Қазіргі қоғамдағы мұрағаттардың рөлі» халықаралық ғылыми конференциясында «Қазақстандағы мұрағат мекемелері қызметіндегі ақпараттық технологиялар: жағдайы мен болашағы» тақырыбында баяндама жасады.

17.05.13. Директордың орынбасары, т.ғ.д. С.О. Смағұлова және Ежелгі және ортағасырлар тарихы мен іргелес елдер тарихы бөлімінің ЖҒК, т.ғ.к. А. Дәулетхан Қаскелен ауданы әкімдігінің кітапханасында өткізілген М. Жұмабаевтың 120-жылдғы мен «Қазақ» газетінің 100-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ақтаңдақтар ақиқаты» тақырыбындағы ғылыми-теориялық конференциясында баяндама жасады.

18.05.13. Этнология және антропология бөлімінің БҒК, т.ғ.д. А.У. Тоқтабайдың «Атамұра» баспасы президенті Р. Құлмұхамедпен сұхбаты «Дидар» газетіне жарияланды.