Апталық шолу: 20.05.2013-26.05.2013 ж.

20.05.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова және Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің Р.Е. Оразов Республикалық кітап мұражайында өткен «Жетісу ХХІ ғасыр: атамекеннің тұтастығы мен елдің тәуелсіздігі үшін күрес» атты кітаптың тұсаукесеріне қатысты.

21.05.13. Институтта жас ғалымдар мен тарихшылардың «Ғылыми қазына» және Отан тарихы: жас ғалымдар үлесі» атты IV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания және Оңтүстік Корея еолдерінен жас зерттеуші-ғалымдар қатысты.

21.05.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚРТ ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов «Кіші Ғылым ордасында» болып өткен «Академик Зәки Ахметов және қазіргі қазақ әдебиеттануының өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Абай жолы» эпопеясындағы тарих бедерлері және З. Ахметов» тақырыбында баяндама жасады.

22.05.13. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университетінде болып өткен Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу және ашаршылық күніне арналған ЖОО арасында өткізілген «Тарих ғылымы – өткенге тағзым» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясына Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент Г.Ж. Өскембаева, т.ғ.к. С.А. Асанова және Жаңа заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінің ҒК Р.Е. Оразовтар қатысып, баяндамаларын оқыды.

23-25.05.13. Тарихнама, деректану және заманауи методология бөлімінің меңгерушісі т.ғ.д. Қ.Ш. Әлімғазинов Татарстан Республикасы Министрлер кабинеті дін істері жөніндегі Кеңестің Төрағасы, тарих ғылымдарының докторы Набиев Ринат Ахметғалиұлының шақыртуымен Қазан Федералды университеті, Татарстан Республикасы Ғылым Академиясы және Ресей ислам институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Еуропалық Шығыстығ саясиэтникалық кеңістігіндегі конфессияаралық диалогтың әлеуетті мәдени қуаты» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады. Конференция жұмысына ТМД, Голландия, Туркия, Нидерланды, АҚШ, Ливан, Польша елдерінен келген ғалымдар қатысты.

24.05.13. Институт директоры, т.ғ.д., профессор, ҚРТ ҰҒА корреспондент-мүшесі Х.М. Әбжанов «Қазақ» радиосына танымал археолог Кемал Ақышев туралы сұхбат берді.

24.05.13. Сыртқы байланыс, ақпарат және ғылыми кластер бөлімінің АҒК, т.ғ.к., доцент З.М. Төленова «Қазақстан» телеарнасында «Айтуға оңай» бағдарламасында «Қыз алып қашу дәстүр ме?» тақырыбында сөз сөйледі.

24.05.13. «Караван» газетінің (№21 (33) Халықтану және тарихи тұлғатану бөлімінің АҒК А.С. Уалтаеваның «Ата тектің сыйлығы» тақырыбында мақаласы жарияланды.

Қазан қаласында (Татарстан) Ежелгі және ортағасырлар және іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, т.ғ.к. Қ. Өскенбайдың «ХІІІ-ХV ғ. басындағы Шығыс Дешті Қыпшақтағы Жошы ұлысының этносаяси тарихы мәселелері» атты монографиясы жарық көрді.