Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Нұр-Сұлтан қаласына ғылыми іс-сапар қорытындысы


Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. А.Т. Қайпбаева 2022 жылдың 10-23 шілде аралығында «ХХ ғ. 20-30 жж. дәстүрлі қазақ қоғамын жаңғырту саясатындағы зайырлы білім мен ағарту жүйесі» атты гранттық қаржыландыру бойынша ғылыми жобаны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтан қаласына (Қазақстан Республикасы) ғылыми іс-сапар жұмысын жүзеге асырды.

Ғылыми іс-сапардың мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының (РФ) архив және кітапхана қорларындағы кеңестік кезеңдегі елміздегі білім мен ағарту ісіне қатысты тың деректерді зерделеу, сараптау және құндылығына қарай толыққанды жинақтау болып табылады.

Іс-сапар барысында «Ақмола облысының мемлекеттік архиві», «Қазақстан Республикасының ұлттық архиві», «Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архиві», «Қарағанды облысының мемлекеттік архиві», «Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасы», «Сирек кітаптар мен қолжазбалар орталығы», сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының басқа да ғылым және мәдениет мекемелерінде деректер мен ғылыми зерттеулер негізінде шаралар атқарылды. Осы орайда, Қазақстандағы өткен ғасырдың 20-30 жж. білім беру саласына қатысты жүргізілген реформалардың барысы мен нәтижелерін зерделеу бағытында архив құжаттары анықталып, диссертациялар, архив құжаттарының жинақтары, монографиялар және баспасөз құралдары негізіндегі құнды еңбектердің көшірмелері алынды.

Бұдан өзге, ғылыми мекемелермен әріптестік байланыс аясында да ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Қарағанды облысы Мемлекеттік архивінің директоры Тәжіғұлов Алмас Амантайұлымен кездесіп, екі мекеменің атқару барысындағы жұмыстары баяндалып, ортақ мәселелер талқыланды және өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында келісім жобасы қаралды. 

Ақмола облысының мемлекеттік архивіндегі жұмыс сәтінен

Қарағанды облысының мемлекеттік архивінің директоры Тәжіғұлов Алмас Амантайұлымен кездесу барысы

Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік архивіндегі жұмыс сәтінен

Қарағанды облысының мемлекеттік архивінде