Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Мәскеу қаласындағы ғылыми іс-сапардың қорытындысы


Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері К.А.Саркенова 2022 жылдың 25 маусым – 15 шілде аралығында Мәскеу (Ресей) қаласында ғылыми іс-сапарда болды. Іс-сапар ҚР Білім және ғылым министрлігінің №ИРН А09259623 «Атырау облысының тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін» гранттық қаржыландыру ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында жүргізілді.

Ғылыми іс-сапардың мақсаты – Мәскеу қаласында орналасқан Ресей архивтері мен кітапхана қорларында ғылыми ізденістер жүргізу тақырыбына қатысты материалдар жинақтау және сол жинақталған материалдардың көшірмелерін алу болды. Нәтижесінде, Мәскеу қаласындағы Ресей мемлекеттік экономика архиві, Ресей Федерациясы Мемлекеттік архиві (ГАРФ),  Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих архиві (РГАСПИ), Ресей мемлекеттік әскери тарих (РГВИА) архиві, сондай-ақ Ресей мемлекеттік кітапханасында (РГБ) ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, қажетті қорларға тапсырыстар беріліп, бірқатар мәліметтердің фотокөшірмелері жасалды.     

Мәскеу қаласында осы уақыт аралығында іс-сапарда жүрген Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері Ә.Шашаев, Н.Құрманалина, З.Байжұманова, А.Қоңқабаева және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Г.Мұқановамен бірге, 1937 жылы репрессияға ұшырап, Мәскеу қаласында атылып кеткен Алаш қайраткерлері Әлихан Бөкейхан мен Н.Нұрмақов жерленген «Донское кладбище» зиратына барып, гүл шоғы қойылды. Сондай-ақ Мәскеуде қазақ халқының атақты ақыны Абайдың, 1941 жылы Мәскеу қаласын қорғауда ерлікпен қаза тапқан 28 панфиловшының ескерткіштеріне барып, аталарға тағзым етілді. 

Іс-сапар барысында Алматы қаласының бір топ тарихшысы Атырау мемлекеттік университетінің Мәскеуде жүрген ғалымдарымен кездесіп, өзара пікір алмасты.