Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Алтынордалық Ақтөбе-Лаэти қалашығының реконстукциясы: деректанулық және тарихнамалық аспектілері» гранттық жобасы аясында Мәскеу қаласына іссапар қорытындысы


2022 жылдың 8 – 17 тамызы аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері А.Д. Арепова мен Д.Қ. Сайкенева «Алтынордалық Ақтөбе-Лаэти қалашығының реконстукциясы: деректанулық және тарихнамалық аспектілері» гранттық жобасы аясында Мәскеу (РФ) қаласына іссапарын жүзеге асырды.

Мәскеу қаласына бағытталған іссапар жұмыстарының негізгі мақсаты – Ресей астанасында орналасқан ғылыми кітапханалар мен архив қорларындағы жоба тақырыбына қатысты ақпараттарды анықтау мен қажетті материалдардың көшірмесін алу болды.

Іссапар барысында Институт қызметкерлерімен РҒА Археология институты (ИА РАН) жанындағы архив пен кітапханада, Ресей мемлекеттік кітапханасында (РГБ) ғылыми-зерттеу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар, жоба тақырыбына қатысты зерттеу жүргізген кеңестік және посткеңестік кезең архелогтарының жұмыстары зерделеніп, қажетті материалдардың скан көшірмелері алынды.