Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық және оның салдары (жаңа архивтік және жазба деректер негізінде)» жобасы аясында Қ.М. Мурзаходжаевтың Мәскеу қаласына ғылыми іссапар қорытындысы


2022 жылдың 12 маусымынан – 01 шілдесі аралығында Ш.Ш. Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының Тарихи демография және Қазақстан халқы Ассамблеясы бөлімінің ғылыми қызметкері Мурзаходжаев Қуаныш Мәдиұлы «Қазақстандағы 1921-1922 жж. ашаршылық және оның салдары (жаңа архивтік және жазба деректер негізінде)» тақырыбындағы ғылыми жобасы аясында Мәскеу қаласының (РФ) мемлекеттік архивтерінің қорларында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Қызметтік тапсырманың міндеттеріне сәйкес іссапар барысында жоғарыда көрсетілген архивтердің қорларынан ғылыми жоба тақырыбы бойынша құжаттарды анықтау жөнінде жұмыстар жүргізілді. Атап айтсақ, жұмыс барысында Әлеуметтік-саяси тарихы Ресей мемлекеттік архивінің (РГАСПИ) қорларымен танысып, 62-қор «БКП(б) ОК Орта Азиялық Бюро» (Среднеазиатское бюро ЦК ВКП(б) (Средазбюро) (1922–1934); 17-қор «КОКП Орталық Комитеті (Центральный комитет КПСС (1898, 1903–1991) құжаттары қаралып, көшірмелері алынды.

Сонымен қатар Экономика Ресей мемлекеттік архивінің (РГАЭ) қорында сақтаулы құжаттармен жұмыс жасалып, 478-қорының «РСФСР жер өңдеудің Халық комиссариаты» (Народный комиссариат земледелия РСФСР 1917-1927; 1914-1929 гг.) қорынан құжаттардың көшірмелері алынды.
Ал Ресей Федерациясының Мемлекеттік архивінің 1064-қорынан Аштыққа ұшырағандарға көмектесетін Орталық комиссия (Центральная комиссия помощи голодающим (ЦК Помгол) при всероссийском центральном исполнительном комитете (1921-1922 гг.) құжаттардың көшірмелері алынды.

Мәскеу қаласынан әкелінген кітаптар тізімі:
1. Молчанов Н.Н. Дипломатия Петра Великого. – М.: Международные отношения, 1990. – 444 с.
2. Максудов С. Победа над деревней: Демографические потери коллективизации. – М.; Челябинск: Социум, 2019. – 601 с.
3. Белое дело: Избранные произведения в 16 книгах. Кн. 11: Белый Крым. – М.: Российск. Гос. Гуманит. Ун-т, 2003. – 473 с.

Қазіргі уақытта жиналған архив материалдарды жоба бойынша дайындалатын құжаттар жинағы мен ұжымдық монография жазуға пайдалану үшін жүйелеу жұмыстары жүргізілуде.