Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Қазақстан этностары тілдерінің Республикалық күніне орай «А.Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметін оқытудағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының рөлі» тақырыбындағы Абдулина А.Т. баяндамасы


2022 жылдың 5 қыркүйегінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директоры орынбасарының м.а., тарих ғылымдарының кандидаты Абдулина А.Т. Алматы қаласы бойынша республикалық Достық үйі мен «Ассамблея жастары» РҚБ ұйымдастырған Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған Қазақстан этностары тілдерінің Республикалық күнінде, «А. Байтұрсыновтың қоғамдық-саяси қызметін оқытудағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының рөлі» атты тақырыбында баяндама жасады.

Ахмет Байтұрсынов (Байтұрсынұлы) (1872 ж.5 қыркүйек – 1937 ж. 8 желтоқсан)– қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысы көшбасшыларының бірі, ғалым, қазақ тіл білімі мен әдебиеттанудың негізін қалаушы, түркітанушы, реформатор және ұлттық әліпбидің авторы, педагог, публицист, ақын, аудармашы.

1998 жылы 22 қыркүйекте Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу туралы ҚР Президентінің 20 қаңтардағы (№ 3827) Жарлығына қол қойылып, 2017 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 31 қазандағы (№ 689) «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер тізбесі» қаулысы негізінде көрнекті қазақ ғалымы, қоғам қайраткері, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері А.Байтұрсыновтың туған күнін мерекелеу 5 қыркүйекке ауыстырылды.

Көптілділік конкурстары, этнофестивальдар, ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен дәрістер түріндегі мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру өскелең ұрпаққа толеранттылық пен еліміздегі барлық этностардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті ұялатады.

Баяндамашы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап біздің институттың ғалым-тарихшылары – К.Н.Нұрпейісов, М.Қ. Қозыбаев, К.С. Алдажұманов, М.Қ. Қойгелдиев және т. б. Алаш ұлт-азаттық қозғалысының және оның көрнекті көшбасшылары – Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың тарихын зерттеумен айналысқанын атап өтті. Нұрпейісов К. «Алаш hәм Алашорда» (Алматы, 1995), Қойгелдиев М. «Ұлттық саяси элита» (Алматы, 2004) және т. б. монографиялары жарық көрді.

Қазіргі уақытта институттың «ХХ ғасырдың 20-50 жылдарындағы Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін және оңалту процестері: бірыңғай деректер базасын құру» (2020-2023) ПЦФ жобасы аясында, «Ахмет Байтұрсынұлы. Қиянатқа қарсы күрес. Құжаттар мен материалдар жинағы» (под ред.М. К. Қойгелдиева, Нұр-Сұлтан, 2022) басылымы жарыққа шығуға дайындалуда.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени орталықтарының басшылары, ағартушы-ғалым шығармаларынан алынған дәйексөздер мен оның көпэтносты еліміздегі этностардың түрлі тілдеріндегі өлеңдерін мәнерлеп оқыған оқушы жастар қатысты.