Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ ТАРИХ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМ В.Т. ТЕПКЕЕВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ 


2022 жылдың 13 қыркүйегінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында тарих ғылымдарының докторы, РҒА қалмақ ғылыми орталығының тарих бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Тепкеев Владимир Толтаевичпен кездесу өтті.

Владимир Толтаевич бір кездері Қазан қаласында (Татарстан Республикасы) орындалған “Қырым татарларының тарихы” атты бес томдық шығарманың үшінші томын жазуға белсене қатысқан. “XVII ғасырдың басындағы Ойраттар”,”XVII ғасырдың екінші жартысындағы Солтүстік Каспий жағалауындағы қалмақтар”,”Аюка-хан және оның уақыты” атты 4 монографиялық еңбектердің авторы. Қазіргі уақытта институтымыздың директоры қалмақ әріптесімізді Қазақстан тарихы жөніндегі 7-томдық академиялық басылымның бесінші томында бірлескен автор ретінде қазақ-жоңғар соғыстары, қазақ-қалмақ қатынастарының ерекшеліктері, атап айтқанда 1771 жылғы “Шаңды жорық” тарихи мәселелері бойынша жұмыс істеуге шақырды.

Кездесу барысында Владимир Толтаевич Элиста қаласындағы РҒА қалмақ ғылыми орталығы қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, қатысушылармен қалмақ халқының тарихына қатысты өзінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен бөлісті. Интерактивті режимде өткен кездесуде институт қызметкерлері қонағымызға SCOPUSбазасына кіретін РҒА қалмақ ғылыми орталығының басылымдарында (“Oriental Studies”,”Монғолтану”, “Ресей Ғылым академиясы қалмақ ғылыми орталығының Бюллетені”) өз мақалаларын жариялау мүмкіндігі туралы, сондай-ақ қазақ-қалмақ байланыстарының кейбір аспектілері туралы (Қалмақияда қазақ топонимдері бар ма, қалмақ ауыз фольклорында қазақтар туралы деректер бар ма және т.б.) бірқатар сұрақтар қойды.

Бүгінгі кездесуді қорытындылай келе, институтымыздың директоры қонағымызға ғылыми сапары үшін шын жүректен алғысын білдіріп, сондай-ақ ZOOM конференциясы бойынша “Ресей Ғылым академиясының қалмақ ғылыми орталығы” Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылым мекемесінің директоры Виктория Васильевна Кукановамен кездесу өткізуді және екі тарап арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың егжей-тегжейін талқылауды ұсынды. Атап айтқанда, Ресей Ғылым академиясының қалмақ ғылыми орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасасу жоспарлануда. Жағдайды пайдалана отырып, З.Е. Қабылдинов келешекте ауқымды ғылыми жұмыстар жүргізуге себепкер болатын тараптардың ғылыми іссапарларын ұйымдастыруды ұсынды.