ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
ҚР ҒЖБМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Сіздерді «Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» мемлекеттік тапсырма мен бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау шеңберінде 2022 жылғы 29 қыркүйекте ұйымдастырылатын «Қ.-Ж.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын іс жүзінде жүзеге асыру аясында шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеудің негізгі нәтижелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысуға шақырады.
«Мәңгілік елдің» ғылыми негіздері («ХХІ ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)» атты басым бағыт аясындағы шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихын жасау осы ғылыми басылымның мақсаты мен міндеттерін, оның мазмұнына қойылатын негізгі талаптарын, әдістемесі мен принциптерін, тарихи мәтінді жазу стилін, Қазақстандағы тарих ғылымын дамытудың осы басым бағытын жүзеге асырудың негізгі нәтижелерін айқындайды.
Қазақстан тарихы тәуелсіз және толыққанды мемлекет ретінде көршілес елдер мен шетелдік зерттеушілерді әрқашан қызықтырды. Олардың бұл қызығушылығы Қазақстан аумағында жасаған тайпалар одағының құрылған кезінен бастап қазіргі мемлекетте болып жатқан тарихи процестерге дейінгі мәселелерді қамтиды. Шетелдік академиялық әдебиеттерге талдау жасасақ, онда Қазақстан тарихы бойынша жинақталған еңбектердің аз екендігін, бар еңбектердің тек әр түрлі тарихи кезеңдердің проблемалық жақтары бойынша зерттеулерді ғана қарастыратынын байқауға болады. Шетелдік ғалымдардың зерттеулерінің ішінде Қазақстан тарихы тек аймақтағы және геосаясаттағы тарихи үдерістің жалпы контексі шеңберінде қарастырылатын Орталық Азия тарихы бойынша еңбектер мен тікелей Қазақстан тарихына қатысты зерттеулерде кездесетінін ерекше атап өту керек. Сондықтан, Қазақстан тарихының көптеген мәселелері шетелдік зерттеушілердің назарынан тыс қалды.
Бұл жобаны жүзеге асыру аясында, жаңадан анықталған мұрағат құжаттары мен қазіргі заманғы тұжырымдамалық тәсілдер негізінде жазылған ғылыми-көпшілік кітап (үш тілде) түрінде Қазақстанның ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі қысқаша тарихы әзірленді. Отандық ғалымдар дайындаған бұл ғылыми-көпшілік басылым бар олқылықтың орнын толтырып, шетелдік аудиторияға арналған шет тілдеріндегі қысқаша ғылыми басылымдардың жетіспеуінен туындаған сұраныс пен қызығушылықты қанағаттандырады.
Конференцияда Ш.Ш.Уәлиханов ат. Тарих және этнология институтының жетекшілігімен тарих және этнология ғылымы саласындағы жетекші мамандардан құралған жұмыс тобының атқарған жұмысының негізгі нәтижелерін талқылау жоспарлануда. Аталған бас институтпен қатар жобаны іске асыруға жанама түрде (өз қызметкерлері арқылы) ҒЖБМ Ғылым комитеті мен ҚР Президенті әкімшілігінің тікелей бақылауымен Мемлекет тарихы институты, Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті және т.б. сондай сияқты жетекші ғылыми-зерттеу және оқу орындары қатысты.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша мәселелерді талқылау жоспарлануда:
- Шетелдік аудитория үшін Қазақстанның қысқаша тарихының мазмұнына тұжырымдамалық және әдіснамалық тәсілдер.
- Қазақстан тарихын зерттеудегі тарихнаманың, Деректанудың жетістіктері және иллюстрацияланған басылымдарды дайындау.
- Ұлттық мемлекеттердің қысқаша тарихын жариялаудағы халықаралық тәжірибе.
- Ұлы даладағы мемлекеттіліктің мыңдаған жылдық дәстүрі.
- Алтын Орда мен Қазақ хандығының сабақтастығы мәселелері.
- Ұлы Дала мен Қазақ хандығының тарихы ұлы билеушілердің, билердің, батырлардың және т.б. қызметі призмасы арқылы.
- Қазақстан Ресей империясының орбитасында.
- Қазақстандағы 1921-1922, 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың аз зерттелген беттері.
- Қазақстандағы 1920-1950 жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін және қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселесі.
- Кеңестік Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.
- Қазақстан этнологиялық ғылымының өзекті мәселелері. Қазақстанның жаһандық әлемдегі заманауи мәдениеті.
Конференцияға қатысуға тарихшылар, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, жоғары оқу орындарының, профессор-оқытушылар құрамының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері, докторанттар, жас ғалымдар, БАҚ өкілдері шақырылады.
Мекен-жайы:050100, Алматы қ., Шевченко көш., 28.
Басқа қалалардан келген авторлар үшін конференцияға сырттай қатысуы қарастырылған. Қажет болған жағдайда жинақты ПДФ форматында электрондық пошта мекенжайына жіберу көзделген.
Ұйымдастыру комитеті форум материалдарының жинағын жариялауды жоспарлап отыр. Конференция бағдарламасына енгізу үшін ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына қатысушының тіркеу формасын ұсыну қажет (қосымшаны қараңыз). Жариялауға мұқият шегерілген және редакцияланған мәтіндер қабылданады.
Қатысу шарттары
Баяндаманы (мақалаларды, тезистерді) жариялау үшін материалдар қатаң түрде мынадай талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс: баяндама мәтіні (конференция тақырыбына байланысты және көлемі 5 б. кем емес және 16 беттен аспайтын) қазақ, орыс (немесе ағылшын) тілдерінде, тіркеу нысаны MS Word мәтіндік редакторында терілуі тиіс; файлдың аты және JPEG форматындағы суреттердің жеке файлдары автордың тегімен аталуы тиіс.
1. Кестелер, схемалар, суреттердің атаулары болу тиіс және Windows ортасында терілуі керек.
2. Беттер пішімі: А4.
3. Шекаралары: жоғарғы – 2 см, төмеңгі – 2 см, оң – 1 см, сол – 3 см.
4. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 12.
5. Жоларалық интервал – бір.
6. Қызылжолшегінісі: 1,0 см.
7. Ортасындакішіәріптермен (қалың қаріппен) автордың (авторлардың) аты-жөні, .
8. Төменде: автор мен оның ғылыми дәрежесі, атағы (бар болған жағдайда), лауазымы жұмыс істейтін мекеменің толық атауы берілген.
9. Автордың аты-жөнінен төмен ортасында БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚАЛЫҢ ҚАРПІМЕН) баяндаманың атауы көрсетіледі.
10. Азат жол мен бір интервалдан кейін тікелей баяндама (мақала) материалы болады.
11. Әдебиеттер (және дереккөздер) тізімі мақаланың соңында орналастырылады және жұмыстарды атап өту тәртібіне сәйкес жасалады. Мәтіндегі сілтемелер тік жақшада әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің бетін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, тиісті нөмір түрінде рәсімделеді, мысалы: [1, с. 2], [1, 2-б.] или [1, р. 2]. Барлық библиографиялық мәліметтер мұқият тексерілуі керек.
12. Кестелер, сызбалар, суреттердің атаулары болып, Windows ортасында терілуі керек. Барлық суреттер мен фотосуреттер жақсы контраст пен кем дегенде 300 dpi ажыратымдылыққа ие болуы тиіс. Барлық суреттерде нөмірлеу, сурет астындағы қолтаңба болуы керек. Сурет астындағы қолтаңба қысқа, бірақ мазмұнды болуы тиіс. Кестелер көрнекі болып, олардың атауы, сериялық нөмірлері болуы керек.Егер олар мәтінде жалғыз болса, кесте немесе сурет нөмірленбейді. Мәтінде барлық кестелер мен суреттерге сілтемелер болуы керек.Суреттер мен кестелер мәтінге қажетті жерге қойылады.
13. Жалпы қабылданғандардан басқа сөздерді қысқартуға жол берілмейді. Аббревиатуралар мәтінге алғаш рет толық мағынасын ашқаннан кейін ғана енгізіледі (мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы – ҚР ҰҒА).
14. Ескертпелер жоғарғы индекс түріндегі сандармен рәсімделеді және рет-ретімен нөмірленуі тиіс. Ескертпе мәтіндері мақаланың соңында ЕСКЕРТПЕ бөліміне жатқызылып, жоғарғы индекс түрінде санмен нөмірленеді. Мәтінде жол сілтемелерін қоюға болмайды.
Егер мақалада ЕСКЕРТПЕЛЕР де, ӘДЕБИЕТТЕР (ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР) ТІЗІМІ де болса, алдымен ЕСКЕРТПЕЛЕР қойылады.
15. Белгілерді біріздендіру:тырнақшалар – «»; даталардағы ғасырлар – рим цифрларымен, жылдар – араб. Сызықшаны (-) және ортаңғы сызықшаны (–) пайдалануды ажырату қажет. Соңғысы сандық, хронологиялық шектерді және т. б. белгілеу кезінде көрсетіледі: с. 89–92, 179–185-бб.; 1878–1879 жж.; XV–XVIғғ. (шыңдаусыз), немесеXV ғ. соны – XVIғ. басы (шыңдаумен); 7–8 км; М.–Л. және т.б.
16. Табуляция жасауға, сөздерді сиректетіп теруге, автоматты режимде орындалатын командаларды қолдануға, макростарды қолдануға, мәтінді шаблон түрінде сақтауға БОЛМАЙДЫ.
17. Файлдың атауы автордың тегімен аталады (мәтіндік файлдар үшін – Омаров_өтініш.doc, Омаров_мақала.doc; иллюстрациялар үшін – Омаров_сур1.jpeg).
Редакциялық алқа рәсімдеу талаптарына сәйкес келмейтін мақалаларды қабылдамауға құқылы (төмеңде үлгіні қараңыз).
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ
Абдулина А.Т., т.ғ.к. Ш.Ш. Уәлиханов ат. Тарих және этнология институты, Этнология және антропология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері ТАРИХТАҒЫ ТҰЛҒА: ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ Баяндама мәтіні, баяндама мәтіні, баяндама мәтіні Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі: 1 Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы: Атамура, 1999. – 296 с. 2 Абусеитова М.Х. История Центральной Азии: концепции, методология и новые подходы // Материалы международной научно-теоретической конференции «К новым стандартам в развитии общественных наук в Центральной Азии». – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 10–17. 3 Байтова А. Инновационно-технологическое развитие – ключевой фактор повышения конкурентоспособности // Казахстанская правда. – 2009. – № 269. – 28 июля. |
Тіркеу нысаны және баяндама (мақала) материалдары – 2022 жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей қабылданады.
Іс-сапар шығындары
Жол жүруге және тұруға байланысты шығындар іс–сапарға жіберуші тараптың есебінен жүзеге асырылады.
Өткізілу түрі: қалыпты және қашықтықтан Zoom платформасында (конференция идентификаторы: 821 0064 8659, кіру коды: 826836). https://us02web.zoom.us/j/82100648659?pwd=V2Rjc0ZFMjJQb0xXb05va2xGL2Vidz09.
Баяндамаларды келесі мекен-жай бойынша жіберулеріңізді сұраймыз:
Қазақстан, 050010, Алматы қ., Шевченко к-сі, 28. ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.
E-mail:abd_aksunkar@mail.ru.
ТЭИ байланыс телефондары: тел./факс 8 (727) 261-67-19;
Байланысушы тұлғалар
(ғылыми-ұйымдастыру мәселелерді шешу үшін)
Абдулина Ақсұңқар Тұрсынқызы – директордың қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары м.а., ЖҒҚ, т.ғ.к.; E-mail:abd_aksunkar@mail.ru;тел.: +7 77731220 36;
Қосымша
Тіркеу нысаны (қазақ немесе орыс тілінде)
Ч | Тегі | |
Аты | ||
Әкесінің аты | ||
Ғылыми дәрежесі, қызметі | ||
Мекеме (ғылыми мекеменің, ЖОО-ның және т.б. атауы, оның мекен-жайы) | ||
Телефон/факс (халықаралық байланыс кодымен) | ||
Баяндама атау |
Құрметпен, ұйымдастыру комитеті