Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Орынбор қаласына ғылыми іс-сапар қорытындысы


2022 жылы 15 тамыз – 08 қыркүйек аралығында «Шетелдік аудиторияға арналған Қазақстанның қысқаша тарихын әзірлеу» жобасы бойынша Орынбор қаласына Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Күнекеев Аман Дәулетұлы іссапармен барды.

Ғылыми іссапар кезеңінде Орынбор облысының біріккен Мемлекеттік архивінде жобаның тақырыптары бойынша тізімдемелері зерделеніп, сканерлеуге және қолжетімді материалдардың фото көшірмелері алынды. Атап айтсақ, жұмыс барысында Орынбор облысының біріккен Мемлекеттік архивінің (ОГАОО) қорларымен танысып, көбіне революцияға дейінгі кезеңнің 6-қор «Орынбор генерал-губернаторлығының кеңсесі» және 222-қор «Орынбор шекаралық комиссиясы» бойынша құжаттары, ал Кеңес кезеңі бойынша 1-қор қаралып, көшірмелері алынды.

Н.Крупский атындағы Орынбор кітапханасында электронды және дәстүрлі каталогтарына зерттеулер жүргізіп, 1920-1925 жылдардағы хронологиялық шеңбердегі кітаптар мен журналдарға тапсырыс берді.

Сапар барысында Ресей Тарихи қоғамының Орынбор облысындағы бөлімшесімен кездесуөткізіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи, мәдени байланыстарын зерттеуге екі жақты меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ ғылыми сапарда, Қоғамдық ұйымдардан: Орынбор өңірлік Қазақ ұлттық-мәдени орталығы қоғамының басқармасы, «Бәйтерек» қорының қызметкерлерімен және «Орынбор Землячество» аймақтық қоғамдық ұйымымен (бұдан әрі «Тараптар») кездесулер өткізіп, алдағы уақыттары Орынбор өңіріндегі қазақтардың тарихын екіжақты бірігіп зерттеуге жоспарлар құрды.

Іссапарлардың әр кездесу барысында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының атынан «Из истории Великой степи (последняя четверть ХVIII в.)» және «Великие имена Великой степии» атты кітаптары табысталды.

Орынбор қаласынан әкелінген кітаптар тізімі:

1. Казахи Оренбуржья. Журнал Оренбурского областного благотворительного фонда «Байтерек», №1 (2), декабрь 2021. – Оренбург.: 000 «Рекламная компания «Союз», 2021. – 52 с.

2. Любичанковский С.В. Оренбургский край – поликультурный и трансграничный регион Российской империи: сборник документов. К 250-летию со дня рождения выдающегося военного и государственного деятеля, оренбургского военного губернатора Петра Кирилловича Эссена (1772). – Оренбург: ИПК Университет, 2021. – 712 с.

3. Путеводителя по фондам Государственного архива Оренбургской области. Том 1. Дореволюционного периода (1649, 1734–1917 гг.). – Оренбург: Оренбургское книжное издательство имени Г.П. Донковцева, 2019. – 544 с.: цв. ил.

4. Оренбургский государственный архив социально-политической истории. Путеводитель – Оренбург: Оренбургское книжное издательство имени Г.П. Донковцева, 2018. – 832 с.