Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ЮНЕСКО А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуде


2022 жылғы 4 қазанда ҚР ҰҒА ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, ҚР ҰҒА Төралқасының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, көрнекті мемлекет және қоғамдық-саяси қайраткер, лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының Парижде өткен 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Ауқымды конференция Париж қаласында (Франция), ЮНЕСКО-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ жүйесінің мамандандырылған ұйымының штаб – пәтерінде өтті. Конференцияда біздің институтқа “Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық және саяси қызметі” тақырыбында мемлекеттік тілде З.Е. Қабылдинов сөз сөйлеген А.Байтұрсынұлы туралы тарихи баяндама жасау тапсырылды.

Конференцияға вице-министр Т. Ешенқұлов бастаған қазақстандық делегация құрамында Қазақстаннан белгілі ғалымдар қатысты: Д. Қамзабекұлы, А. Фазылжан, К. Кемеңгер, М. Қойгелдиев, З. Базарбаева, Е. Тілешов және т.б. Олар сондай-ақ, “Ахмет Байтұрсынұлы – таңдалған еңбектер ( қазақ, ағылшын, орыс және түрік тілдерінде)” кітабының тұсаукесеріне қатысты. Дәл сол күні қазақстандық делегация көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың жерленген жеріне барды.