Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

«ХХ ғасырдың 30 жж. басындағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Орта Азия республикалары мен Ресейдегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуі» атты БНҚ ғылыми жобасының орындаушысы – Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлының РФ Астрахан қаласындағы іс-сапары нәтижесі


26.09.2022-09.10.2022 аралығында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Самат Жұматайұлы РФ Астрахан қаласындағы архив, кітапхана, музейлеріне (ГААО, АОНБ им. Н.К.Крупской, Астраханский государственный объединенный историко-архитектурный музей-заповедник) ғылыми іс-сапар жасады.

Іс-сапар кезеңінде ГААО-де жоба тақырыбы бойынша тізімдемелер мен көптеген істер зерделенді, сканерлеуге және қолжетімді материалдардың көшірмелеріне тапсырыс берілді.

Қазақстан тарихына қатысты естелік мекен-жайлар және тың орындар анықталды. Оның бірі, 1924-жылдардан бастап шыққан Астрахандағы Советская көшесі, 7 үй мекен-жайында «Коммунист» типографиясында нацмендердің «Кедей тілі» қазақ газеті болып шыққан екен. Редакторы – К.Джанчурин.

Н.Крупский атындағы Астрахан әмбебап кітапханасы жабық болуына байланысты, сайттан электронды каталогтар зерттелді, көбінесе 1929-1935 жылдардағы хронологиялық шеңберде кітаптар мен журналдардың электрондық нұсқасы қаралды.

Сапар қорытындысы бойынша орыс газеттері мен журналдарындағы белгісіз жарияланымдар табылды. Астрахан облысындағы Қазақстан тарихына қатысты, Астрахан облыстық архив істері бойынша комитетімен, Астрахан облыстық және қалалық мемлекеттік архивімен Қазақстан-Ресей қатынастарын зерттеуге күш салуға екі жақты келісім жүргізілді. Қазақ мәдениетін дамыту қорының басқармасымен кездесу өткізіліп, екі жақты меморандумға қол қойылып, алдағы Астрахан өңірі қазақтарының тарихын зерттеуге жоспарлар құрылып, мақсат қойылды. Оның бірі, 2023 жылға Құрманғазының 200-жылдық мерейтойын дайындау және өткізу туралы ой қозғалып, жұмыс жүргізілді.

«Жолдастық» атындағы Астрахан өңірлік Қазақ ұлттық-мәдени орталығы қоғамының басқармасымен кездесулер өткізіліп, екі жақты меморандумға қол қою жұмыстары жүргізіліп, алдағы Астрахан өңірі қазақтарының 16% қазақтың тарихын зерттеуіне жоспарлар құрылды. Оның бірі, 2023 жылға «Кедей тілі» қазақ газетінің 100-жылдық мерейтойына байланысты, мемориалдық тақта орнату туралы, Бөкей ханның туғанына 275-жылдық мерейтойын атап өту туралы сөз қозғалды.

Астрахан Мемлекеттік университетінің басқармасымен кездесу өткізіліп, екі жақты Қазақстан-Ресей қатынастары туралы ғылыми зерттеулер жүргізуге, екі жақты келіссөздер жүргізіліп, меморандумға қол қою жұмыстары жүргізілді.
1929-1935 жылдардағы жаппай ашаршылық кезеңіндегі Астрахан өңіріндегі қазақ көшпелілері: орналасуы мен бейімделуіне байланысты жұмыс жасалды. Іс-сапардың әр кездесу барысында В.Козодойдың “Әлихан Бөкейхан: эпоха века” және З.Кабульдиновтың “Астана тарихы” кітабы табысталып отырды.

Зерттеуші PhD докторант Самат Жұматайұлы