Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты РҒА Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 


2022 жылдың 10 қазанында Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты Ресей Ғылым академиясының Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтымен (Уфа, Башқұртстан Республикасы, Ресей Федерациясы) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бүгінгі басқосуға Тарих, тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты И.И. Буляков, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты А.Г. Салихов, кіші ғылыми қызметкер, шығыстанушы З.Ғ. Әбубәкірова және Башқұртстан Республикасының мәдени мұрасының жылжымайтын объектілерін қорғау және пайдалану өндірістік орталығының ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Г.В. Булякова қатысты. Біздің институт тарапынан Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, Президиум мүшесі, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов, директор орынбасарлары Ш.Б. Тілеубаев, А.Т. Абдулина, ғылыми хатшы Н.Н. Құрманалина, кеңесшісі С.М. Борбасов және т.б.

Кездесу барысында екі тарап өз институттарының ағымдағы қызметі, ағымдағы ғылыми жобалары туралы хабардар етіп, өзара келісімге келді және меморандумды одан әрі жүзеге асыру мақсатында ынтымақтастықтың келесі бағыттары белгіленетінін растады:

  1. Ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті дамыту. Бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;
  2. Ғылыми ақпаратпен алмасу және ғылыми зерттеулерді үйлестіру мақсатында бірлескен ғылыми экспедициялар, конференциялар, семинарлар, ғылыми симпозиумдар мен халықаралық деңгейдегі өзге де іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  3. Бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды іске асыруға гранттар алуға арналған өтінімдерді бірлесіп дайындау және ұсыну;
  4. Ғылыми және ғылыми-көпшілік басылымдарды дайындау және басып шығару. Рейтингтік басылымдарда бірлесіп жариялау және зерттеу нәтижелерін патенттеу, сондай-ақ Тараптардың ғылыми басылымдарында жарияланымдармен алмасу;
  5. Жетекші оқытушылармен консультациялар, дәрістер оқу, сабақтар өткізу және оқу жұмысының басқа да нысандары үшін алмасу. Қысқа мерзімді және орта мерзімді бағдарламалар бойынша ғалымдар мен қызметкерлермен алмасу;  
  6. Аспирантура, докторантура арқылы ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау, тағылымдамалар мен біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;  
  7. Іргелі, қолданбалы және іздестіру зерттеулері саласындағы ғылыми бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп орындау;
  8. Ұйымдардың сайттары мен БАҚ арқылы Тараптардың бірлескен қызметінің нәтижелері туралы жұртшылықты хабардар ету, зерттеу нәтижелері туралы бірлескен жарияланымдар шығару.

Отырысты қорытындылай келе, З.Е. Қабылдинов ынтымақтастық туралы меморандумды қолдаған РҒА Уфа федералдық ғылыми-зерттеу орталығының Тарих, тіл және әдебиет институтының директоры, философия ғылымдарының докторы Зугура Рахмуталлинаға алғысын білдіріп, бүгінгі Уфа қаласынан келген қонақтарға Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары дайындаған ғылыми кітаптарды табыстады.