Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ғылымға қосқан үлесі үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры Алдажұманов Қ.С. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамотасымен марапатталды


2022 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті, академик М.Жұрыновтың Жарлығымен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ардагері, ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының бас маманы, бас ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты Алдажұманов Қайдар Сейсембайұлына «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының профессоры» атағы берілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы президентінің 2022 жылғы 7 қазандағы шешімімен академик М.Жұрынов лауреатқа ғылымға қосқан үлесі үшін ҚР ҰҒА ДИПЛОМЫН табыстады.

Жақында, 2022 жылғы 10 қазанда институт директоры, корреспондент-мүше, ҚР ҰҒА Президиумының мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е. Қабылдинов ғалымды құттықтап, профессор өзінің 80-жылдық мерейтойын әріптестері арасында атап өтті.