Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ


Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Халықаралық Түркі академиясы Сізді көрнекті ғалымдар мен танымал зерттеушілер, сондай-ақ халықаралық ұйым өкілдері қатысатын, 2022 жылғы 26 қазанда Астана қаласында жоспарланып отырған «Түрік қағандығы тарихына қатысты соңғы жаңалықтар мен кейбір мәселелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады.

Конференция мақсаты: 7 томдық «Қазақстан тарихы» мен Түркі әлемінің орны мен мәдени құндылықтарын талдау және талқылау. Сондай-ақ, әлемде танымал мамандар арасында байланысты нығайту және пікір алмасу, өзекті мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар жасау.

Жұмыс бағыттары:

  • Тарих, археология және этнография;
  • Фольклор, әдебиет және өнер;
  • Тіл және терминология;
  • Әлеуметтану, саясаттану және экономика.

Жұмыс тілдері: түрік, қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференцияға  қатысу сипаты:

  • тікелей (жарияланым)
  • сырттай (жарияланым)

Конференцияға  қатысу үшін: 2022 жылдың 20  қазанына дейінгі мерзімде ұйымдастыру комитетінің электрондық мекен-жайына баяндама немесе жарияланым үшін мақала жіберу керек.

Қатысу үшін тіркеу өтінімінің нысаны мен материалдарды рәсімдеу талаптары төменде берілген.

Мақалалар жарияланымы:

Ұйымдастыру комитеті таңдап алған мақалалар форум болар алдында ғылыми жинақта жарияланады. Мақалалар автор редакциясында жарияланады. Ұйымдастыру комитеті тақырыпқа сай келмейтін немесе қойылған талаптар сақталмаған материалды техникалық редакциялау мен кері қайтару құқығын өзіне қалдырады.

Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол, қонақ үй, тамақтану) қатысушылар есебінен.

Ұйымдастырушы: Халықаралық Түркі академиясы;

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Қазақстан, Астана қаласы, 010000, Е-179 көше. Дипломатиялық қалашық. 32 коттедж

Анықтама үшін телефондар: +7(7172) 57-49-82

E-mail: office@twesco.org , napilbaz@gmail.com , torlanbayeva@mail.ru

Тіркеу өтінімінің нысаны

Тегі 
Аты 
Әкесінің аты 
Мемлекет, қала 
Ғылыми дәрежесі 
Ғылыми атағы 
Ұйым 
Лауазымы 
Қатысу сипаты 
Байланыс телефон нөмірлері 
E-mail 
Баяндама (мақала) аты 
Баяндама (мақала) толық мәтіні 

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар

Мақала көлемі – 7-8 беттен аспауы тиіс.

  • мақала RTF, Doc пішімінде, Times New Romanқарпінде, жоларасы – 1, биіктігі –14, үстіңгі астыңғы шеті – 20 мм, оң шеті – 15 мм, сол шеті – 30 мм етіп дайындалуы тиіс;
  • мақала аты 12 сөзден аспауы тиіс;
  • мақала аты мақала тілінде және ағылшын тіліне аударылып берілуі тиіс;
  • аннотация ағылшын тілінде жазылып, негізгі мәтін алдында беріледі;
  • аннотациядан кейін 5 тірек сөз көрсетіледі;
  • мақала мәтіні тірек сөздер соңында екі аралықтан кейін беріледі.

Автор туралы мәлімет: Мақала атынан 1 аралықтан кейін автордың тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі, бұл мәліметтердің оң жағында (*) белгісі арқылы ғылыми дәрежесі, атағы,ұйымы, лауазымы мен электрондық пошта мекенжайы көрсетілген сілтеме беріледі.

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімін рәсімдеу: Дереккөз сілтемесі төртбұрышты жақшада тегі, шыққан жылы мен бет нөмірін көрсету арқылы беріледі.

Үлгі: [Ахметов,  2003, с. 15; Баянов, 1995, с.65-69].

  • Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннен кейін қолданылу реті бойынша беріледі.
  • Пайдаланылған дереккөздер саны бесеуден кем болмауы тиіс.