Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті

Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

Ғалым-филолог, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнеп Мүсілімқызы Базарбаеваның 70 жылдық мерейтойына орай салтанатты жиналыс


2022 жылғы 14 қазанда Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты директорының қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Абдулина А.Т. филолог, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Зейнеп Мүсілімқызы Базарбаеваның 70 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысты. Конференцияны 1981 жылдан бері ардақты профессор еңбек етіп келе жатқан А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты ұйымдастырды. З.М. Базарбаеваға Институтымыздың басшылығынан құттықтау хаты және 2018-2020 жылдары біздің ұжымымыздан жарық көрген «Қазақстан тарихы энциклопедиясы» үш томдық энциклопедиясы табыс етілді.